Мектепте телефон ұстауға қандай жағдайда тыйым салынады: Бейсембаев жауап берді
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың мектепте телефон ұстауына қандай жағдайда тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Министрдің айтуынша, бұл тыйымның қалыптасуына ата-аналардан келген шағымдар әсер еткен. Әрі аталған тыйымға қатысты мәжілісте арнайы заң қаралып жатқанын атап өтті.
«Мектеп негізінен сапалы білім мен сапалы тәрбие беруі керек. Сондықтан да бала сабақ барысында мұғалімнің беріп жатқан материалын толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдау...(қажет). Әрине бүгінгі таңда біздің балаларымызды осы смартфондардың алаңдататыны белгілі.
Бұл - сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтынын туралы заң. Кейін сабақ біткен соң одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек», - деді Бейсембаев.