Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 21 Қараша 2020

Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі талқыланды

None
None

 Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында басқосу өтті. Жиынға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының бастығы Жанар Бектаева, Ассамблея жетекшілері, үшінші мегаполистегі этно-мәдени бірлістіктердің мүшелері, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы қалалық Ассамблея шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша кешенді іс-шаралар атқаруды ұсынды. Үшінші мегаполистегі этно-мәдени ұйымдары аясында, әсіресе, шалғай елдімекендерде Ассамблея жұмысын дамытудың маңызы сөз болды.

Басқарма басшысы  этно-мәдени бірлестіктер тарапынан қазақ тілін жетік меңгергісі келетін тұрғындардың тізімі ұсынылса, оқытуға жағдай жасалатынын атап өтті.  Ал этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері Шымкенттегі түрлі этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгергеруге деген құлшынысының жоғары екендігін атап өтті.

Басқосу соңы басқа да тақырыптар бойынша еркін пікір алмасуға ұласты.

Тегтер: