Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 27 Қараша 2023

Қазақстан әлемдегі діни ахуал ең тұрақты елдердің бірі

мешіт
Фото: wikipedia

Қазақстан әлемдегі діни ахуал ең тұрақты елдердің бірі. Бірақ кейінгі кезде ел арасында теріс діни ағым жетегінде кеткен жастардың оғаш істері жайлы көп сөз болып жүр. Осыған орай белгілі дінтанушы ғалым Кеңшілік Тышқанұлымен шағын сұхбат құрдық. 

– Өткен отыз жылда елімізде ешбір діни алауыздық немесе қақтығыс болған жоқ. Соған қарап мемлекеттің діни саясаты табысты жұмыс істеп тұр деуге болатын шығар. Мемлекеттің дін саясатында осындай жетістікке жетуінің себебі неде деп ойлайсыз?

– Мемлекетіміз радикализм деген мәселені өз деңгейінде шешті деп айтуымызға болады. Кейбір радикалды топтарға заңнамалық-құқытық тұрғыда шектеулер қою арқылы дер кезінде кедергі жасай алды деп айтуға мүмкіндік бар. Сосын шетелдік қаржыландыру мәселесін де оңтайлы шеше алды. Экстремизм және терроризм деген мәселелердің түп тамырында саясат жататыны белігілі, сол саясат мәселесін де мемлекетіміз оңтайлы шешіп отыр. Өйткені діни мәселеге байланысты халықаралық қатынас тұрғысында қиындықтар туындаған жоқ. Сондықтан бұл тұрғында мемлекетіміз табысты жұмыс істеп жатыр деп айтуға әбден болады. Бірақ елдегі діни ахуал тұрақты екен деп қарап отыруға болмайды. Мемлекетіміздің болашағына, діни бағыттағы жиырма жылдық, отыз жылық стратегиямызға дұрыстап бағыт-бағдар бере беруіміз қажет. Неге десеңіз, ертең қандай жағдай туындайтыны белгісіз, діни топтар аяқ астынан пайда бола кетуі мүмкін. Экстремизм және терроризм мәселесі де күтпеген жерден бұрқ ете қалуы ғажап емес. Сондықтан қазір жағдай тыныш екен деп, арқаны кеңге салуға болмайды. Қазір тыныш болғаны болашақта да бәрі тыныш болады дегенді білдірмейді. Сол үшін мемлекет діни саясатты мығым ұстаған жөн.

– Мемлекет пен дін бөлек деп жатамыз. Бірақ мемлекеттің дін саясаты қалай жүріп жатыр деп ойлайсыз. Осы бағыттағы мемлекетіміздің ұстанған саясаты дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Қандай кемшілік немесе артықшылығы бар?

Жалпылай айтқанда мемлекеттің дін саясаты мәтсіз жүріп жатқан жоқ. Бірақ барлығы бір ізге түсті, нақты жолға салынды деп айтуға келмейді. Діни ахуалға байланысты мемлекеттің ұстанымы өзгерістерді талап етеді. Қазір мемлекеттің дәстүрлі діндерге қатысты көзқарасы орнығып келеді, бірақ дәстүрлі емес ағымдар, теріс ағымдарға қатысты, экстремизм және терроризмге қатысты, деструктивті, радикалды діни ағымдарға қатысты толық заңды анықтамаларын тапқан жоқ. Мемлекетке осы тұрғыдан заңдық-құқтық анықтамалар қажет болады. Одан тыс әртүрлі теріс ағымдарға кіріп кеткен адамдарды райынан қайтарып, қайта қатарға қосу сынды оңалту жұмыстарының құқықтық алгоритмі жасақталмаған. Түзеу мекемелерінде отырған тура жолдан адасқан адамдарды оңалту жұмысына қатысты да осыны айтуға болады. Бұл жұмыстарға мамандарды тартып жатырмыз, бірақ олардың теріс ағымдағы адамды қатарға қосуға құқықтық негіздері толық деп айта алмаймыз. Бұл жұмыстар жақын арада қолға алынады деп ойлаймын, өйткені бәрі осы бетте жалғаса бермейтіні анық.

Біздің елде дін мемлекеттен бөлек болғандықтан, билік біршама бейтарап ұстанымда отыр. Бірақ кейбір діни ахуалды реттеуде кейбір заңнамалар немесе нормалар дұрыс жұмыс істемей ме деп ойлаймын. Мысалы, заңда діни алауыздықты қоздыруға тыйым салынған. Ол бойынша кез келген діннің қаисетті түсініктеріне, адамдарына тіл тигізуге болмайды. Мысалы, Ислам дінінде Құранды, Пайғампарды келекеге айналдыруға болмайды. Бұл заңмен қудаланады. Бірақ қазір кейбір топтар осы талапты сақтамай жүр, дінге тіл тигізетін топтар әлі де бар. Бірақ солар кейде жауапқа тартылмай қалады. Мемлекеттің дін саясатында осындай кемшіліктер де бар деп есептеймін, бұл діни бірегейлікке қарысы жұмыс жасауы мүмкін деп ойлаймы. Қазақ халқының діни бірегейлігі дегенде рухани дүниелер арасында алдыңғы қатарда тұратын маңызды түйіндердің бірі деп есептеймін. Өйткені қоғамның діни тұрғыда бөлшектенуі үлкен қауіпке ұрындырады. Соның ішінде мемлекет құрушы қазақ халқының діни бөлшектенуі үлке қасіретке әкеп соғуы мүмкін. Жасының тәңіршіл болуы, жартысының радикал, жартысының ханафи болуы, тағы бір жартысының бөгде діндерге кіріп кетуі Қазақстанның болашақ діни бірегейлігіне үлкен сызат түсіретін мәселе деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің рухани құндылықтар тұрғысындағы жұмыстары кішкене ақсап жатыр деуге болады.

Тағы бір түйткілді мәселе жастардың діни сауаттылығын арттыру қызметі де өз деңгейінде жүріп жатыр деу қиын. Кейінгі кезде дінтану бағытында оқулықтар шығып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жоққа шығармаймыз. Бірақ соның бәрі бірден нәтиже беруі қиындау. Радикалиммен күресу үшін ағартушылық бағытындағы, білім беру және діни сауаттандыру саласында қаржы аямауымыз қажет. Мұның бәріне оқу-ағарту министрлігі аса құлық танытып отырған жоқ деп ойлаймын. Мектепте мұндай сабақтарды соңғы сағатқа қояды, балалар бұл сабақтарды дұрыс оқымайды, емтихан тапсырмайды. Мемлекеттің радикализмге қарсы бағытта жүргізіп отырған жұмыстары білім және ғылыммен байланыста жүруі қажет. Экстремизм және терроризммен күрес саясаты негізінен қауіпсіздік бағытында жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта нақты не істеліп жатқаны жайлы нақты есепті табу да қиындау болып тұр. Осы мәселелерді қолға алу керек деп есептеймін.

Мемлекет дін саясаты бағытында көптеген жұмыс атқарып жатыр. Теріс ағымға ерген азаматтарды оңалту жұмысы болсын, аймақтарды діни ахуалды қалпына келтіру жұмысы болсын жақсы жүріп жатыр. Дінтану орталықтары, діни басқармалар ашылып жатыр, кадрлар оқытылып, дайындалып жатыр. Мемлекет грант бөліп, университтерде исламтанушы мамандар оқып жатыр. Бірақ жоғарыда мен айтқан кемшіліктер әлі де жөнге келтіруді күтіп тұр деп ойлаймын.

Үшінші мәселе, мемлекет діннен бөлінгені анық, бірақ біз дәстүрден бөлінген халық емеспіз. Жастарға, жасөспірімдерге дәстүрлі рухани құндылықтарды сіңіру қажет. Оларға дәстүрлі құндылықтарды үйретпей, жалаң ақпарат бере беруге болмайды, осыдан барып жастармыз ертең әлеуметтік желіден көрген діни әлемге бет бұрып кетуі мүмкін. Сол үшін дәстүрімізге сай құндылықтарымыз бен тәрбиемізді, керек болса дінімізді үйретуіміз қажет. Сонда ғана ертең мемлекетіне, ұлтына қызмет ететін жастар өсіп шығады деп ойлаймын. Ағартушыларымыздың еңбектері бар, тарихымыз бар, үйретеміз десек материал жеткілікті, абайтанудың өзі үлкен мектеп болар еді. Осындай мәселелерге мемлекет мектеп деңгейінде болсын, университеттің алғашқы курстарында болсын жүйелі түрде көңіл бөлсе жақсы болар еді. Қазір кадрлар әлеуеті де қалыптасып келеді, олар жастарға осы бағытта білім беруге толық қабілетті деп ойлаймын.

Ал медіреселердегі оқу бағдарламасы жайлы айтсақ, медіреселер қазір колледж деңгейінде. Колледж деген мемлекетке тіркелген, лицензиясы бар ұйым деген сөз. Ол жердегі оқу бағдарлмасы қандай, онда жастар не оқып жатыр, онда тарихи-мәдени бағытта қандай құндылықтар үйретіледі бәрін бақылауда ұстау керек. Діни басқарма осы мәселелерді бақылауда ұстай ма, онда кімдер сабақ беріп жүр деген сұрақтарда күн тәртібінде тұр. Медіресеге жастарды қабылдаудың шарттары қандай, олар оқу бітіріп шыққан соң кім болады деген сияқты сұрақтарға да мемлекет қазірден бастап арласуы қажет. Әйтпесе, болашақта дүмше жастар көбейіп кетуі мүмкін. Дүмшелер діннің қадірін кетіреді, радикалдарды күшейтеді. Мұның бәрі бір-бірімен тікелей немесе жанама байланысы бар мәселелер. Осының бәрі мемлекет тез арада қолға алуы тиіс жұмыстар деп есептеймін.

– Кеңшілік аға, тәжірибелі дінтанушы ретінде еліміздегі жастардың дін ұстану мәдениеті жайлы не айтасыз? Елімізде дәл қазір дінге бет бұрған жастар көп пе, әлде бұрынғыдан азайып бара ма?

– Жастардың дін ұстану құндылығы бір деңгейде деуге келмейді. Жастарымыздың дін ұстану мәдениеті қайдан қалыптасып жатыр деген сұраққа әлеуметтік желі арқылы қалыптасып жатыр деп жауап беруге болады. Мемлекет тарапынан арнайы дін ұстану қағидасы қалыптаспағандықтан, жастарымыз түрлі әлеуметтік желіден уағыз тыңдап қалыптастырып жатыр деуге негіз бар.

Жастар жаппай діндәр болып бара жатыр деп ойламаймын. Себебі қазір елімізде діндәрлану проссеці кішкене тоқырауға ұшырағаны анық. Діндәрлар саны көбейіп жатқан жоқ. Бірақ жастар арасында дінге бет бұрған азаматтар да жоқ емес. Олар жекелеген жағдайда, жекелеген орталықтарда үйреніп, діни сауат қалыптастырып жатыр. Кейбір радикалды бағытқа кетіп жатқандар да бар, оқуын татсап кетіп жатқандар да жоқ емес, кейбір шетелде діни білім аламыз деп теріс жолға түсіп кеткен жастарымыз да кездеседі. Шетелдерде қанша адам жүр, оларға қалай бақылау жасалып жатыр, олар мемлекеттік діни орталықтарда оқып жатыр ма, әлде жеке орталықтарға барған ба, деген сұрақтарға қатысты арнайы органдардың есебі бар шығар. Ол жайлы мен анық мәлімет бере алмаймын. Бірақ ондай жастар бар екенін білемін. Менің айтарым, дінге бет бұрған дұрыс. Бірақ ол шала болмау керек, дінге дұрыс білім алып, саналы түрде барған жөн. Медіресе, мешіттерде діни біліммен қатар, құндылық тұрғысында тәрбие берілуі қажет.

– Өткен отыз жылда елімізде ешбір діни алауыздық немесе қақтығыс болған жоқ. Соған қарап мемлекеттің діни саясаты табысты жұмыс істеп тұр деуге болатын шығар. Мемлекеттің дін саясатында осындай жетістікке жетуінің себебі неде деп ойлайсыз?

– Мемлекетіміз радикализм деген мәселені өз деңгейінде шешті деп айтуымызға болады. Кейбір радикалды топтарға уақында заңнамалық-құқытық тұрғыда шектеулер қою арқылы дер кезінде кедергі жасай алды деп айтуға мүмкіндік бар. Сосын шетелдік қаржыландыру мәселесін де оңтайлы шеше алды. Экстремизм және терроризм деген мәселелердің түп тамырында саясат жататыны белігілі, сол саясат мәселесін де мемлекетіміз оңтайлы шешіп отыр. Өйткені діни мәселеге байланысты халықаралық қатынас тұрғысында қиындықтар туындаған жоқ. Сондықтан бұл тұрғында мемлекетіміз табысты жұмыс істеп жатыр деп айтуға әбден болады. Бірақ елдегі діни ахуал тұрақты екен деп қарап отыруға болмайды. Мемлекетіміздің болашағына, діни бағыттағы жиырма жылдық, отыз жылық стратегиямызға дұрыстап бағыт-бағдар бере беруіміз қажет. Неге десеңіз, ертең қандай жағдай туындайтыны белгісіз, діни топтар аяқ астынан пайда бола кетуі мүмкін. Экстремизм және терроризм мәселесі де күтпеген жерден бұрқ ете қалуы ғажап емес. Сондықтан қазір жағдай тыныш екен деп, арқаны кеңге салуға болмайды. Қазір тыныш болғаны болашақта да бәрі тыныш болады дегенді білдірмейді. Сол үшін мемлекет діни саясатты мығым ұстаған жөн.

Тегтер: