«Менің Қазақстаным» фестиваліне шетелдіктер де қатысуда
Шымкентте жылдатамызда өтетін эстрада әншілерінің«Менің Қазақстаным» фестивалі пандемияға байланысты онлайн ұйымдастырылды.
Биылғы шара «Шымкент– ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өтуде. ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының жәнеҚазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Шымкентқаласының әкімдігі ұйымдастырған фестиваль – қазақ валсінің королі атанған,Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығынаарналып отыр.
Фестивальдіңнегізгі мақсаты — Достастық елдері арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтынығайту, рухани байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасыннасихаттау болып табылады.
1-15 тамыз аралығында өтетін фестивальгеқазіргі таңда Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербургқаласынан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан,Қырғызстан және Қазақстаннан 20-ға жуық үміткер қатысуда. Сонымен қатар, ТМДмемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штаттары, Түркия елдерінен қатысушылар дабар.
Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялықнұсқада концерттік бағдарлама дайындалып, телеарналардан беріледі. Үздікқатысушылар алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар, 2021-2022 жылдараралығында карантин режимі аяқталғаннан Шымкент қаласында өтетін халықаралықіс-шараларға шақырылатын болады.