Меншікке құқықты тіркеу электронды форматта жүзеге асады
Шағын және орта бизнескеқатысты коммерциялық ұйымдарды тіркеу бірнеше жыл бойы электронды форматтажүргізілгені белгілі, тіркеу мерзімі 1 сағатты құрайды.
Сондай-ақ, осы жылдан бастап ірі кәсіпкерліксубъектілерін тіркеу де электронды форматқакөшірілді. Жылына орта есеппен бұл қызметті 1200 заңды тұлға пайдаланады екен. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін«электрондық үкімет» порталы Ұлттық тізілімге ақпаратты енгізу туралы хабарламаберу тәртібін енгізді:
— заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту кезіндебизнес сәйкестендіру нөмірлері;
— атқарушы орган (басшысы);
— қызмет түрі және шаруашылық серіктестіктіңжарғылық капиталын ұлғайту.
Бұл қағаз түрінде хабарламаларды жіберудіболдырмайды, сәйкесінше кәсіпкерлік субъектілері үшін уақыт пен шығындардыүнемдейді. Айта кету керек, статистикалық мәліметтерге сәйкес тіркеуші органжыл сайын 4,5 мыңға жуық хабарлама алады.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу саласындағымемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды көздейтін заңнамаға түзетулерқабылданды. Сондай-ақ, бұрын елді-мекендердің, көшелердің атауы, жылжымайтынмүлік иелерінің инициалдары өзгерген кезде мемлекеттік тіркеу үш жұмыс күніішінде жүргізіліп, төлем шамамен 500 теңгені құрады. Жыл сайын республикабойынша тіркеу органдарына осындай 35 мыңнан астам өтініш келіп түседі. Енді жылжымайтын мүлік иелеріне тіркеуші органменбайланысудың және осы өзгерістерді тіркеудің шығындарын төлеудің қажеті жоқ,өйткені жаңартылған ақпарат мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттықжүйелерінен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жіберіледі.Жылжымайтын мүлік иелері тарапынан қаржылық және уақыттық шығындарды азайтумақсатында екінші деңгейдегі банктермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылыкепілге тіркеу электрондық форматқа көшірілді. Осы өзара әрекеттестік аясындажылжымайтын мүліктің иесі құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға хабарласудың қажетіболмайды, өйткені банктер кепіл туралы мәлімет тіркеуші органға тіркеу үшін электрондытүрде жібереді. Сонымен қатар, тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында кепілдіктерді электрондықтіркеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Еркежан АРЫН