Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 30 Қыркүйек 2023

Мешітте имам баланы ұрған. Болған оқиға прокуратураның назарын аударды (видео)

Мешітте имам баланы ұрған
Фото: из открытых источников

Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінің имамы намаз оқып жатқанда бөлмеде баланы ұрып жіберген. Бақылау камерасына түсірілген оқиғаның видеосын журналист әрі блогер Сандуғаш Дүйсенова жариялады.

Кадрда үлкендер намаз оқып жатқанда кішкентай баланың мешітке кіріп бара жатқанын көруге болады. Бала намаз оқып жатқан адамдар арасында жүгіреді, содан кейін имам оны ұрып жібереді. Бала шалқасынан құлаған.

Журналист полициядан дін қызметкерін анықтап, жауапқа тартуды, ал прокуратура мен Дін істері басқармасынан түсініктеме беруді сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Алматы облысының прокуратурасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Сәлеметсіз бе, Сандуғаш, ақпаратыңыз үшін рахмет, бұл мәселе Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына тапсырылды, жұмыс нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз, сонымен бірге куәгерлердің бізге тікелей хабарлама арқылы жазуын сұраймыз» деп жазды департамент өкілдері.