Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:29

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды

Михаил Шайдоров
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 25 ақпанға қараған түні Қазақстанға оралды. Елорда әуежайында оны жанкүйерлері, әріптестері мен жақындары қарсы алды.

Әуежайда алтын жүлдегерге үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

«Үйге оралдым. Осынша кеш уақытта қарсы алуға келген баршаңызға үлкен рақмет. Маған шынымен өте қатты ұнады. Олимпиада ойындарында елімнің туы ең биік, ең құрметті орында желбіреген сәтте кеудемді мақтаныш кернеді. Маған қаншама жылы сөз айтылды. Қолдау білдіргендеріңізгк және осындай керемет сыйлықтар үшін баршаңызға алғыс айтамын. Шынымды айтсам, сөзім жетпейді – қолдауларыңыз үшін орасан зор рақмет. Бұл мен үшін алға қарай өсіп, еліміздің абыройын асқақтатуға үлкен жігер береді. Баршаңызға рақмет», - деді ол.

Сондай-ақ сертификаттар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, спортшының жеке жаттықтырушысы Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасеноваға табысталды.