Министр Қазақстандағы коронавирус жағдайына тоқталды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Үкімет отырысында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елімізде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.
"20-дан астам ел коронавирус инфекциясы өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Біз динамика бойынша өткен жылмен салыстырғанда, керісінше, 30 есеге жуық төмендегенін көріп отырмыз. Біз вирусты бақылауда ұстап отырмыз", - деді Ажар Ғиният
Ол бүгінде шағымдармен келіп, стационарда ем алып жатқан науқастардың бар екенін атап өтті. Бұл ретте жұқпалы аурулар ауруханаларының толтырылу көрсеткіші небәрі 2 пайызды құрайды.
"Ел бойынша 200 мыңнан астам доза вакцина бар, барлығы егілді. Эпидемиологиялық жағдай қолайлы болғандықтан, шектеу шаралары жоқ", - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар, министр министрлік ай сайын қоршаған ортада таралатын коронавирус инфекциясын генетикалық тұрғыдан зерттейтінін айтты.
"Осы ай ішінде біз коронавирустың жаңа штаммын анықтаған жоқпыз. Енді осы айдың зерттеуі аяқталып жатыр, егер штаммның жаңа түрі пайда болса, қосымша ақпарат береміз. Біз коронавирус инфекцияынан басқа "омикрон" штаммында энтеровирусты инфекциялардың, аденовирустың, риновирустың және менингококк инфекциясының әртүрлі түрлерінің айналымы бар, сондықтан жаңа инфекция пайда болды деп айта алмаймыз", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазір ЖРВИ көтерілу маусымы екенін, республика бойынша тұмауға қарсы егу науқаны басталғанын айтты. Сондай-ақ министр иммунитет тапшылығы бар қарт адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға кеңес берді.