19:04, 29 Наурыз 2019
Министрдің інісі Ұлттық банктің басшылығына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен Есжан БІРТАНОВ Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Жас АЛАШ Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Есжан АМАНТАЙҰЛЫ 2018 жылы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалған. «Қазақстан қор нарығы» АҚ Басқарма Төрағасы-Директорлар кеңесінің мүшесі де болған-ды. Басқа да қаржы институттарында еңбек еткен. Мамандығы экономист. Үш бірдей жоғарғы оқу орнында білім алған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Туран және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі.Есжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ туған інісі.Фото: tengrinews.kz