09:23, 19 Тамыз 2020
Министрлік пневмониямен ауырғандар саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтауминистрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталғаннауқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді.
Өткен тәуліктеелімізде 1081 адамнан пневмония анықталғаны хабарланған болатын.
«Мұндай жоғары көрсеткіштерді біздемалыс күндері аламыз. Апта басында мұндай өсім байқалуы мүмкін. Көбі демалыскүндері медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады, тіпті белгілер пайдаболған жағдайда да ауруханаға бармай қалып жатады. Оған қоса, сенбі-жексенбікүндері емханалар жабық, сондықтан дүйсенбі-сейсенбі күндері көптеген адамкеледі. Осыған байланысты осындай өсім тіркеледі», — деді министрліктіңресми өкілі.