Мобильді бригадалар саны 197-ге жетті

Шымкентте қалаәкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен медициналық мекемелердің жанынан тәулікбойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын.
Бүгіндеолардың саны 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтаубасқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзиловақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
– Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұғандейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197-ге жетті.Олар 16 мыңға жуық науқасқа үйге арналған станционарлық қызмет көрсетті.Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлерінедәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдыңжақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегіншақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды,- деді Т. Варзилов.
Сондай-ақ брифингте салаға жауаптыларстационарларда ем алушы науқастардың саны төмендегенін мәлімдеді. Соңғы онкүнде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесіндестационарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміпотыр.