17:35, 13 Шілде 2018
Модрич: Роналдудың «Реалдан» кеткені өкінішті

Хорватия ұлттық құрамасы мен «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука МОДРИЧ Криштиану РОНАЛДУДЫҢ «Ювентус» сапына ауысқанына өкініш білдірді.
Бұл туралы zhasalash.kz championat сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фотолар: news.sportbox, ua-football
«Мен Криштиану Роналдудың Реалда қалғанын қалар едім. Ол ғажап футболшы. Ювентуске ауысқаны өкінішті. Реалға сіңірген еңбегі үшін ризашылығым зор. Тек қана барлық жақсылық атаулыны тілеймін», — деді хорват футболшысы.
Португалиялық шабуылшы италиялық команда сапында 7-нөмірмен өнер көрсететін болады. Ол «Ювентус» командасында жылына € 30 млн алады. Туриндік команда 33-жастағы футболшының трансферы үшін € 105 млн. төледі. Роналду 2009 жылдан бері Мадриттік клубтан өнер көрсеткен еді.