Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:48, 05 Қыркүйек 2019

Моңғол жазушысы: Жұмаділов тарихты дұрыс оқымаған

Бүгін Азияфоруымының форсайт күні жазушы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ Шыңғыс ханды «түркі» деп моңғолжазушысы Гун АЮРЗАНАНЫҢ қытығына тиген еді.

Сол жөнінде «Жас АЛАШ»тілшісі Аюрзананың  пікірін сұрады. Моңғолиялық мейманның қасында ақынСұраған РАХМЕТҰЛЫ отыр екен. Гун мырза орыс тілінде жауап берді.

«Ол кәрі адам (Қабдеш Жұмаділов — авт). Тарихты дұрыс оқымаған.Білмейді. Мен не деймін оған?! Шыңғыс хан туралы айтқаны ашуыма тигені рас.Бірақ оған қазір мен пікір білдірсем, оның білместіктен айтқан сөзін жүрегімежақын алған боп қаламын. Оның маған керегі жоқ. Тақырыпты осы жерден жабасалайық», — деп қысқа қайырды Гун Аюрзана.

Оқи отырыңыздар: Моңғолжазушысы Қабдеш Жұмаділовке ортаңғы саусағын шошайтты

Естеріңізге салакетейік, 2019 жылдың 5 қыркүйек күні Азия қаламгерлері форумының екінші күнімінбеге Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов көтерілген еді. Жазушыға  өз шеберханасы жайлы айту үшін сөз берілген.Алайда, қазақ қаламгері Шыңғыс хан тақырыбына ойысып кетті.

«Бір өтірік мың өтірікті туғызады. Өтірікті арқалапжүріп, қалай шыдаймыз. Қаламымызды шыңдайтын күш — шындық. Бұл бәрімізге ортақнәрсе. Бәріңіз шындықты айту үшін қалам ұстап жүрсіздер. Бүкіл Азияны жайлаған,Еуропаны билеген Шыңысханды моңғол демейік. Кейінгі ұрпаққа тарихты тазакүйінде өткізейік. Бұрынғы империялық саясаттың кемшілігін түзейік. Осышындықты қалыптастыруға көмектесейік. Біздің қазақтың сөзін біреу тыңдаса,біреу тыңдамайды. Қазір түріктерден қауіптенетін ештеңе жоқ. Қазір біз өзбабамызды қайтарып алуымыз керек. Оның ұрпақтары, төрелер бәрі Қазақстанда. Осыкүнге дейін Шыңғыс ханды иемденіп келген моңғолдарға рақмет», — деген едіҚабдеш Жұмаділов.

Оқи отырыңыздар:Қазақстандаүзбей жазып жүрген жалғыз жазушы — Назарбаевтың құдасы

Бірақ,жазушының бұл сөзі моңғолдарға мүлде ұнамағаны білінді. Тіпті, осы сөзді естіпотырған моңғол жазушысы Гун Аюрзана орнынан тұрды да, жазушыға ортаңғы саусағыншошайтып, шығып кеткен.

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер: