Бүгін, 15:10
Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін тұрақты болжаммен растады
Халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингтерін растады. Болжам — тұрақты.
Moody’s Kaspi-дің жоғары тиімділігін, капитал мен өтімділік қорының жеткілікті екенін, нарықтағы көшбасшы позициясын және экономикалық циклдерге төзімділігін атап өтті.
«Kaspi.kz» АҚ-тың шетел және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді рейтингтері, сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар рейтингі Baa3 деңгейінде расталды. Ұлттық өлшем бойынша ұзақмерзімді эмитент рейтингі — A2.kz.
«Kaspi Bank» АҚ-тың ұзақмерзімді депозиттік рейтингтері және контрагенттік тәуекел рейтингтері де Baa3 деңгейінде расталды. Қысқамерзімді депозиттік рейтингтер мен контрагенттік тәуекел рейтингтері — Prime-3 деңгейінде.
Оқи отырыңыз