Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:55, 18 Тамыз 2020

Мұғалім мен оқушыға әмбебап нөмірлер мен роутерлер беріледі

Шымкентте эпидемиялықжағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында  басталады.

Осыған орай,қаладағы интернетке мұқтаж мұғалімдер мен оқушыларға мектептердегі интернетқызметіне қаралған қаржы есебінен интернет желісіне қосылған әмбебап-нөмірлермен қажетті роутерлер берілетін болады. Бұл туралы жаңа оқу жылына дайындық бойыншаөткен брифинг кезінде қала әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады.

«Қазіргі таңда мектептер «Bilim Iand»интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын. Сонымен қатар,әлеуметтік көмекті қажет ететін 35 798 баланы толық қамтамыз ету мақсатындареспубликалық бюджеттен 31 160 компьютерлік техника алу үшін 4,8 млрд. теңгеқаржыға сұраныс берілді» — деді әкім. 

Қала басшысының тапсырмасынасәйкес, ағымдағы жылы шілде айында 10 975 дана компьютер сатып алынып, жалпыкомпьютерлер саны  20 201-ге жетті.  Жергілікті бюджет есебінен қосымша тағы 4 800компьютер сатып алу жоспарлануда. Мектептердегі компьютерлерді оқушыларғауақытша беру арқылы 24 955 отбасының 41 900 баласы компьютермен қамтылатынболады.

Тегтер: