Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:11, 25 Шілде 2023

Мұхтар Әблязовтің серігі ұсталды

None
None

Бас прокуратура  Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин Алматы әуежайында ұсталғанын хабарлады.

«Ол Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған. Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған», — деп хабарлады департаменттегілер.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.

«Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді.   2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті», — дееп хабарлады Бас прокуратура.

Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады.

Еске салайық, 2023 жылдың 23 мамырында Францияның кассациялық соты Әблязовке қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау мерзімінің аяқталмағаны туралы шешім шығарған.

Тегтер: