Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:30, 05 Маусым 2019

«Мұнай арзандаған соң доллар бағамы өсіп кетті»

ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА АҚШдолларның көтерілуіне қатысты өз пікірін білдірді.

Бұл туралы «ЖасАЛАШ» zakon.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«3 маусымда Ұлттық Банк кезектіболжамын жасап, базалық ставканы бұрынғы деңгейде — 9% деп белгілеген еді.Пайда болған іргелі факторларды назарға ала отырып, теңгеміз еркіне жіберілді.Доллар бағамының көтерілуі мұнай бағасымен байланысты»,- деп түсіндірді МәдинаӘбілқасымова.

Оныңайтуынша, бұл көптеген валюта нарықтарына әсер еткен.

«Яғни, өткен аптада әлемнің іріэкономика нарықтары арасындағы сауда-саттық қарқынының өсуіне байланысты Brentмаркалы шикі мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасының төмендеуі байқалды, және,әрине, көптеген дамушы нарықтардың валюталары тиісті түрде жауап берді», — депқорытындылады Әбілқасымова.

Маусымайының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы 64 доллардан төмен, ал WTI маркалымұнайдың бағасы 55 доллардан аз болған. Мамырдың соңғы екі аптасында Brentқұнынан шамамен 11% жоғалтты, WTI — шамамен 12%.

Фото: sputniknews.kz

Тегтер: