Мұңлы қоңыр Бөрілі

Қарт Семейдің өне бойынаралағанда Әуезов атымен жиі жолығып, жиі ұшырасасыз. Сонда оқыған, сол қаланыңфутбол командасында ойнаған.
Көшелерімен жүрген. Жазушы атымен қаншама ғимаратбайланысты. Абай атымен астасып жатқан әр жәдігер-ғимарат, жәдігер-көше, жәдігер-үй,жәдігер-есімдердің барлығы Мұхтар атын айналып өтпесе керек.
Семейдегі қазір «Алашарыстарының» музейі болып тұрған үй – Әнияр Молдабаевтың үйі. Абай өз айналасының оқуға зерек, алғырбалалары болса, ақшасын төлеп өз перзенттерімен бірге оқуға берген ғой. ӘниярМолдабаев та – Абайдың сондай шарапатынан өсіп шыққан ардақты ұл. Хакім Семейгекелгенде ат шалдыртатын қасиетті жердің бірі осы шаңырақ болыпты. Ал ол үйдекейін Алаш арыстары Әлихан, Міржақып, Ахметтер тұрған. Міржақып Дулатовтыңқызы, марқұм Гүлнәр апайдың естелігінде бұл жайт жазылады. Қош, сонымен, осымузейге алғаш келгенімде, бір қабырғада Семейдің сол кездегі көрінісікөрсетілген. Соған жапсарлас қабырғада Мұхтар Әуезовтің оқушы күнгі бағасы меналғаш сабақ берген мұғалімінің пікір жазылған жәдігер ілулі тұрған. Егер жадымалдамаса солай болуға тиіс. Әуезов бағалары – «өте жақсы». Жазушы өзестелігінде тұңғыш рет орыс тілінде еркін шығарма жазып, ұстазының +5-кебағалағанын жазған. Ол жайындағы естелікті Абай туралы әңгіменің сұлуын айтатынбілгір шежіреші, аяулы қарт Бекен Исабаев «Ұлылар мекені» кітабында былай депжазады: «Жазушының 5-6 жас мөлшерінде, қыста Ералы жазығында шанаға түйе шеккенбір шалмен екеуі ақ боранда адасыпты. Түтеген боран ішінде, таудан гөріжазықта, белгі ететіні жоқ тұлдырда адасу өте қиын болады. Ақ түтек боранішінде адасып жүргенде түйе болдырып, жынын шашып, жатып алыпты. Шал «өлдігін»айтып жылап, бала Мұхтарды ескі жыртық киізбен орап-шымқап отырғанда, жылқыотарынан елге қайтқан жылқышы кезіккен екен. Сол боран кейіннен түсіне де еніп,Мұқаңды қорқыта берсе керек. 15 жастағы Мұхтар оқитын сынып балаларына орыстілінің жаңадан келген жас мұғалімі Василий Иванович Попов әркім өзінтолғандырып жүрген тақырыпта еркін шығарма жазуды тапсырады. Сонда Мұқаң сонаубала кезіндегі боранда адасуын есіне алып, «Буря» атты шығармасын жазған екен.
Мұғалім Попов шәкірт Мұқаңдытақтаға шақырып: «Мұхтар Омарханович, сен большой писатель» боласың, +5қойдым», – деген. Мұқаң: «Ол кезде ондай мәдениетіміз жоқ, әттең, сол алғашқышығармамды сақтамаппын», – деп өкінген».
Оқушы күнінен жазуға жүйрік,алғыр, бала күнінен Абай өлеңімен өскен осы Мұхтар Омарханұлының кіндік қанытамған Отаны – Бөріліге қарай жолға шыққанда әр нәрсенің басын шалып, ойғашомасың.
***
Семей қаласынан Абай ауданынақарай бетке алғанда Шыңғыс жеріне көктем енді келіп, жарықтық жер ақ көрпесіненжаңа ажырап, жадырай бастаған уақыт еді. Жол жиегінде әрбір жерде қар суынанпайда болған көлшіктер. Ұшып-қонған үйректер. Абай заманында Шыңғыстан Семейгебасқа, қазіргі жолмен параллель жатқан, осы күні білетіндер көрсеткен,қарауытып ізі жатқан қара жолмен қатынайды екен. Ол уақытта Семейді «төмендегіел» деп атаған. Расымен, Шыңғысқа қарай жүрген сайын ақырындап өрлей бересіз.Сонау Күшікбай асуына жеткенде тоқтап артқа қарасаңыз, расымен, биіктепкеткеніңізді байқайсыз.
Жол-жөнекей көзге әртүрлі ұсақкөлдер көп шалынады. Бірақ ол көлдердің суы тұзды болған соң, мал суаруғажарамайтын көрінеді. Жанарға ілінген әр көрініс, әр табиғат Абай уағынан берісыр шертіп, тек біз естімей, сезбей кетіп бара жатқандай көрінеді. Адыр-адыр,бел-белдің шалқайып жатқан паң қалпына тіл бітсе, шіркін. Жалынардайсың. Етегінқұшақтап, еңірер дейсің. Анау бір сайдан қазір ытқып Оразбай, анау бір қырданасқақ болмысымен Оспан, ортадағы қырдан парасат-пайымымен Абай шыға келсеқайтерсің деген ойдан көз алдыңа неше түрлі көріністер елестеп келе жатады.
Жол шетінде «Абай жолы» дегенжазуға қарап, расымен, осы жол Абай жолы екеніне іштей сеніп, сезініп кележатасың. Жидебайға бара жатқан жолдан солға қарай екі шақырым жерде Бөрілі. Жератауы аты айтып тұрғандай, қасқырға бай болса керек. Ал өсімдіктен ши, изен,қараған мол өсетін сияқты. Әсіресе қараған көзге бірден шалынады. Топ-топ болыпөскен жарықтық осы дала декорациясында негізгі орын алып тұрғандай. Бөрілідегіжер атаулары да өсімдік аттас: Аяқ қараған, Бас қараған, Бүйрек қараған. МұхтарӘуезовтің кіндік қаны сол Аяқ қараған деген жерге тамған. Жақында сол орынғаескерткіш тақта қойылмақ. Ал Бөрілінің басындағы үйі қазір мұражай. БұлБөрілінің батыс беті саналса керек.
Бөріліге жеткен әуелі жазушыныңәкесі Омархан мен анасы Нұржамалдың басына барып, құран бағыштадық.
Бұл кесене Әуезовтің 100 жылдықмерейтойына арнап салыныпты. Біз барғанда Бөрілі музейінің меңгерушісі ШағжанИсабаев қарсы алып, әңгімесін бастап кеткен. Бұл кісі белгілі шежіреші, Абайға,Абай айналасына қызығатындардың бәрі жақсы көретін ардақты Бекен Исабайұлыныңбаласы екен. «Қасқа айғырдан қасқа тумаса да, төбел туады» деген. Елдің, жердіңшежіресін айтып келеді. Бөрілідегі Әуезов қыстауына бұрын бір барғанымда«жазушы осы бөлмеде туған» деп бір әйел адам үйдің ішін көрсеткен. Анық есімде.Ал Шағжан Бекенұлынан жазушының Аяқ қарағанда туғанын естідім. Өзіме, әйтеуір,жаңалық. Шағжан ағадан естігенімді айтпай тұрып, мына нәрсені баяндай кетейін.Бөріліге бара салған бетте серектастағы «Мұңлы қоңыр – туған анам, туған жерім– Бөрілі» деген жазуды көресіз. Бұл сөзді тасқа қашатып, 100 жылдық мерекеқарсаңында жаздырып, қойдыруға көп еңбек сіңірген – Бекен Исабаев. 1943 жылышілде айында Мұхтар Әуезов Абай еліне жасаған сапарынан соң, «Ақын ауылында»деген шежіре-очерк жазған. Сол очеркібасылымдарда жарияланып жүрсе де, Бауыр жайлы жазғаны қалдырылып келіпті (Бауырдеген – Мұқаң туған жердің екінші аты болса керек. Бір жерді елдің екі-үшатаумен атай беретіні бар. Оны біз қайта-қайта айтып отырған Бекен ақсақалдыңжазғанынан аңғарасыз. Өскенбайдың асы өткен Көкжайдақты Қырықошақ деп театайтын секілді – Б.Т.). «Біз очерктегі Бауыр жөніндегісінен жазушының ғасырлықмерекесі үстінде ғана хабардар болдық. Онда да толық емес. Тек «Мұңлы қоңыр –туған анам, туған жерім – Бөрілі» деген сөзі қолымызға тиісімен бұл сөздісеректас әкеп, сол тасқа қашап, ойыпжазу керек деп шештік. Мерекелік комиссия да мақұлдады бұл пікірді. Тас кішіОрдадан, Еңлік-Кебек үй тасынан таңдалып әкелінді» деп жазады Бекен Исабаев.
Жазушының осы сөзін түсіну үшінҚайым Мұхамедхановтың «Ұлылар мекеніндегі» мына бір естелігі шын мәніндемаңызды. «Сол кездегі Абай ауданындағы жалғыз автомашина – аудан орталығыҚарауыл ауылының іргесіндегі Бидайық ұжымының 1,5 тонналық машинесіне мініп,Мұқаң екеуміз қазіргі Қасқабұлақ әкімшілігі ауқымындағы Жаңаталап ұжымыаталатын ауыл орталығы Тазабек деген жерге кеп түсіп қалдық.
Ұжым басқармасының төрағасыСақалұлы Исатай деген кісі екен. Сөзі де, өзі де, үй іші тұрмысы да таза,мәдениетті адам екені байқалады. Құндызды ауылыныкі, Жамантобықты Сақал қажыныңкіші әйелінен туған боп шықты. Әбен болыстың жақыны екен. Сол тұстағы әңгімеденде хабардар. Мұқаң көңілді отырды. Бір мал жеп тамақтанған соң, Мұқаң Бөрілі,Аралтөбе, Тышқанға барғысы келетінін айтып, екеумізге екі ат, бір атшы ертуінсұрады төрағадан. Қарауылдық Кенжетілеу Доланбекұлы сонда екен, сол кісі дайынбола кетті. Үшеуміз Бөріліге беттік жүрдік. Шыққаннан Мұқаң үнсіз болды.Қаражырақтағы бейіт, бірер қора орнына біраз айналып, Бөріліге келдік. Бұлменің бұл орынға бірінші келуім еді. Бөріліде бір жан, бір мал ұшыраспады.Мұқаң қыстауы аңғай-саңғай. Есік-терезесі ашық, сылағы түскен. Көріксіз-ақ!
Мұхтар бұрынғыдан да тұнжырап,түсі қара барқын тартып, ерні көгеріп, аттан түсті. Қыстауды бір айналып,терезе жақтағы (қыстақтың түстік жағында) салма құдыққа барып, қора-жайғакірдік. Бөлме-бөлмені, малқора іштерін аралай жүріп, әр бөлменің кімдікіекенін, атасы мен әжесінің бөлмесін, өзі оқу оқыған жерін, анасының бөлмесін,Разақтың, оның әйелдері Мәкежан мен Әлила бөлмелерін бас-басына жіктептүсіндіріп келіп, Ғалияның бөлмесіне көп тоқтап тұрды. Және қайыра кеп,анасының бөлмесіндегі үй жиһаздарының жиналған, тұрған орындарын, атасы менәжесінің төсегінің тұсын көрсетеді. Осылай ескі қорада жүріп бүргеге де жемболдық. Мұхтар шықпаған соң қайда барасың. Ұзақ бөгеліп, сыртқа шығып, үйалдындағы төбеге шығып, киімімізді қағып, бүргеден, шаң-тозаңнан арылғандайболдық.
Мұқаң осы төбеден өзі дүниегекелген Аяқ қарағанды, Бас қарағанды, Бүйрек қараған, Сарбұлақ, Қарабұлақтарды,Тума бойын нұсқап көрсетіп, екінші төбедегі Арынбек, Ағзам қораларын сыртынанайналып шықты. Бұл қоралардың маңы толған қабірлер екен. «Бұл жаманшылық жылыаштан өлгендердің қабірі болса керек», – деді Мұқаң.
Бұдан соң қыстауға қайтып кеп,Мұқаң «әке-шешемнің басына барамыз» деп, атын жетектеп, төбемен жүрді. Кенет:«Қайым, «Көксеректе» ақ қаншық қасқыр мен Көксерек бір ауылды торып, ауылиттері сезіп қап үріп шығып, өзге иттер сескеніп, төбе басынан «кәр жіберіптұрды» деуші едім ғой. Мынау – сол төбе. Ал қара ала төбет ерленіп, төбедентөмен түсіп, Көксерекке жем болатыны – анау ойпаң», – деп нұсқады. Аттардыжетектеген бетте тізеден сәл жоғары қаланған екі тас бейітке келдік. Тасбейіттер қыстаудан 150 метрдей қашықтықта. Тек қыстаумен арадағы белден асыптүсу керек. Бұл бейіттер қыр беткейінде тұр. «Шығыс шеткісі – әкем менанамдыкі, батыс шеткісі – Қасымбек ағам мен Ғазиза жеңгемдікі», – деп, мағандұға оқытып еді Мұқаң».
Бұл жүрек тебірентер естеліктенжазушының жаңағы сөзінің мағынасы өте түсінікті болады.
***
Жә, біз де бейітке аялдап, дұғаоқып, музейге беттедік. Ішке енген соң, әр нәрсені таныстырып жатыр. Осыаймақтағы жерлерді көрсетіп тұрған макеттің жанына кеп тоқтадық. Сөйлеп кележатқан – Шағжан Бекенұлы.
«Көкбайдың Қалжан деген қызыныңақындығы болған. Сол қызын ұзатқанда Көкбай құдаларына: «Қызымның да ақындығыбар, бірақ айтыстырмаңдар», – деп аманат етіпті. Содан құдалары Қалжанды Көкбайаманаты деп айтыстырмайды екен. Содан бір жолы қаракесектің Жидебай деген ақынысол ауылға келеді. Той болып жатса керек. «Сендердің ауылға Көкбайдың қызыкелін боп түсіпті деп естідік. Өзі ақын екен ғой. Шықсын, айтысайық», – депті.Өзі біраз жасқа келген егде кісі болса керек. Сол кезде Қалжанды көріп қап:
«Мен өзі шал болсам да, қатқан шалмын,
Өлеңнің дәмдісін татқан шалмын.
Кел, жаным, неге көзіңді салмайсың?
Сендей қыздың жанына жатқан шалмын», –дейді.
Сонда апамыз ашуланып, мынакісі әдепсіз екен деп:
«Мен өзі ауылыма күнде келе бердім, келе бердім,
Ақ танаға мініп алып желе бердім, желе бердім.
Келе жатсам алдымда қу бас жатыр,
Қатқан шалдың қу басы ғой, тебе бердім, тебе бердім», –депті. Мынау сол Қалжан апамыз тұрған жер – Балтаорақ.Бұны Әуезовпен байланыстырып сөйлейін, 1940 жылы Абайдың 95 жылдық тойы өтеді.Сол кезде Семейдегі, Жидебайдағы музейлер ашылуға дайындалып жатады.Қадағалаушы – Мұқаң. Арнайы қаулы шығып, ел арасындағы бүкіл жәдігерлержиналады. Өйткені алда ғасырлық той келе жатыр. Соған дайындық. Сол жолы МұқаңАбайдың басына тас қойдырады. Ол тасты Жидебайға барғанда көресіздер. Сол кездемашинемен келе жатып: «Әй, жігіттер, Қалыш апамыздың ауылы ғой. Қазір ол маған«мына Мұхтар сәлем бермей кетті» деп ренжиді», – деп, машинені бұрғызып, Қалжанапамыздың ауылына кіреді. Машинеден маңғазданып түсіп жатқанда апамыз жүгіріпкеліп, қолын алып:
«Аман-есен бармысың, бауырымМұхтар,
Өзіңді бір көруге апаң құштар.
Әлемге танылды ғой Абай атаң,
Жаратылмай қала ма ұлдар», –деп қарсы алған екен. Ана Мағауия, Көкбайлар танылмай қала ма дегендегісі ғой.
Енді одан бері Күшікбай бұлағы.Үштөбе, Ит жоны «Абай жолында» суреттелген жерлер. Аралтөбе. Семейден тура 70шақырым. Абай Гоголь кітапханасына барып, кітап алып тұрған. Жымба – Құнанбайжылқысының қосы болған жер, Қанай «Қыс» деген өлеңінде суреттеледі. Аяқ қараған– бұл Мұхтардың кіндік қаны тамған жер. Ал Бөрілі – аты әйгілеп тұр, қасқырдыңұясы. «Көксеректі» оқыдыңыздар, киносын көрдіңіздер. Кейбір естеліктерде МұхтарТашкентте оқып жүргенде, сондағы тұрған үйінде картина ілініп тұрыпты. Соғанқарап жазыпты» деп жүр. Мен өзім ол жалған деп ойлаймын. Ондай ұлы жазушыларкартинаға қарап кітап жазбайтын шығар. Ол сол уақытта Джек Лондонның «Ақ азу»романын оқыған екен. Өзі де аңшы. Туған жері – Бөрілі. Содан кеп қазақсахарасында неге сондай шығарма болмасын деп, осы шығармасын жазып шыққандай.
Одан әрі – Шиліөзек. Бұл –жазушы Роллан Сейсенбаевтың аталарының қонысы, бұл да бекет. Сонда Күшікбайбекеті, Шиліөзек бекеті, Архат бекеті. Үш бекет болған. Өйткені ол кездеат-арбамен жүреді. Жолда тоқтап шай-суларын ішкен. Ары қарай – Қасқабұлақ. Ұлыақын Абайдың туған жері. Абай Қасқабұлағы, Шәкәрім Қасқабұлағы, ШолпанҚасқабұлағы, Тәкежан Қасқабұлағы, Ысқақ Қасқабұлағы деп бес бұлаққа бөлінеді.Неге Қасқабұлақ? Өзге бұлақтардың бәрі батысқа қарай ағып жатса, бұл бұлақтарқасқайып күнге қарай ағып жатыр. Сондықтан қасқа бұлақ. Абай туған жерСыртқасқабұлақ деп те аталады. Одан әрідегі Шәкәрім Қасқабұлағы – Әнет руыныңжері. Бір күні Құдайберді Шыңғыстауданкеле жатса, Қасқабұлақта Бабалық деген Әнеттің байы жылқы суарып жатыр екен.Ылғи сүтті қара жылқы. «Әй, Бабалық, жылқының сиқы жақсы екен. Бәрі сымбатты.Бірақ мына бұлақтың суы қай жерге барып таусылады?» депті. Құдайбердінітобықтының кісілері «Бәкең» деп атаған. «Бәке-ай, бұл бұлақтың суы анау ойықтантаусылады» депті. «Е, онда бұл жер саған ұзақ қоныс болмайды екен» деп жүріпкетіпті. Сол жылы қатты жұт болып, жылқыдан жылқы қалмаған екен. Содан БабалықҚұдайбердіге осы жерді сыйға беріп кетіпті. Қазір сол жер Шәкәрім Қасқабұлағыдеп аталады.
Ары қарай – Ералы жазығы. Кеңгірбайдың ұлы,Бөжейдің әкесі. Құнанбай мырзамен қатарлас. Мінезі қатты болған. Өз өсиетібойынша осы жазыққа жерленген. Содан бері халық бұл жерді Ералы қорығы, Ералыжазығы деп атап кеткен. Негізі, бұл жердің аты – Көкжайдақ. Өскенбайдың асы өткен жер – КөкшетаудағыҚамбардың Көкжайдағы, ал бұл тобықтының Көкжайдағы. Ұзындығы – 30, ені 20шақырым. Былай қарай – Нан қорығы. Оразбайдың жері. Әлгі «Бұл менің 3000 жылқымжайылатын Наным» дейтіні. Ары Құнанбайқорығы, сосын, Еңлік-Кебек. 1917 жылы бұл жерде пьеса қойылды. Бұл жатқанжерлері Шұбартөбе деп аталады. Ал Мұхтарроманында «кішкене төбе» деп суреттейді.
Одан кейін – Ақшоқы. Абайдыңалғаш қыстау салған жері. Құнанбай әулетінің жатқан бейіті. Негізі,Қасқабұлақтан Ақшоқы 18 шақырым, Жидебай ары 30-ақ шақырым. Бұрын төте жолменжүретін болған. Ал қазіргі трасса 1969 жылы салынған.
Мынау алдыңыздағы – МұхтарӘуезовтің мүсіні. Жасаушы Жанболатов Мұратбек деген азамат. Өздері бесағайынды. Композитор, ақын, шежіреші, тарихшылар. Мүсіннің мәрмәрі –Текелінікі. Өте сымбатты шыққан. (Осы жерде Бекен Исабаевтың мүсінге қатыстымына сөзін келтіре кетейік: «48 жастағы Мұқаңның қашып бітіп таусыла қоймағанбұйра шашының шекедегі шоғыры, қасқа маңдайы ұмсына біткен иегі, көз жиегіндегіқабақ астынан біткен кілегей қатпары, қалың ерні, қомақтана көрінер иығы –бәрі-бәрі қонымды. Біздің ойымызша, Мұқаң мүсіндерінің бәйгесі болса, осымүсінді жарысқа қоссақ, ұяла да қоймаспыз»).
Мынау алдыңыздағы – жіпсурет(гобелен). Авторы – Ирина Ивановна Хмелева. Шыңғыстаудың тау-тасы, табиғаты,өсімдік, жануарлары бейнеленген. Сиыр егін, көде, жусан, көкпек, ермен сияқтышөптер осы Шыңғыстауда өседі. Алматы мен Астананың адамдары осы жақтан соғымғажылқы алатыны содан.
Мынау үлкен бөлме – Әуезатамыздың бөлмесі. Тізерлеп отырыпМұхтарға сабақ өткен. Мынау – осы үй, міне, қараңыздар (қабырғада қыстаудыңсуреті ілулі тұр). Қазіргідей коттеджде тұрмай-ақ Мұхтар бүкіл қазақты әлемгетанытып кетті. Қазіргі қалпына 1977 жылы келтіріліп, 1987 жылы ашылған. Мынамашина тұрған жақ атқора болған. Бұл жер жолдың бойы. Бұрын қораны үйгежаптастыра салатын болған. Бұл үйді Абай салдырған.
Мына суреттегі – Разақ, немереағасы, Гүлнәр анамыз, қазір тірі, Алматыда тұрады, Гүлнәр Әуезова менің әкемменжасты, 89 жаста. Бұл кісінің әкесі қайтыс болады да, Гүлнәрді Мұхтартәрбиелеген, сондықтан Әуезова. Мынау –Ахмет Әуезов, жолдасы Хәлима Турағұлқызы. Мұхтар мен Абайдың арасында тоғыз жұпқыз алып, қыз беріскен. Бір-біріне күрмеуше байланған құдандалы.
Қабырғада ілулі тұрған көкқасқыр – осы жердің бөрісі. 1979 жылы екі оқпен атып алынған. Бұл жерде қасқырқалың болған. Қазір завод ашылып, сиреп кетті.
Жанындағы – сілеусін.Шыңғыстаудың аңы. Әміре Қашаубаевтың туған жерінде менің қайын атам соғыпалған. Әңгіме болсын, Құнанбай мырза бірінші әйелі Ағанас бидің қызы Күңкегеүйленеді. Қайын жұртына барады. Сөйтіп кетер кезде қайын атасы: «Күйеу бала, неқалайсың? Әкең Өскенбайдың жылқысы аз еді. Саған неше бас берді?» дейді. «Он үшбас жылқы берді. Азырақ ұсақ малмен» дейді. «Әкең саған бүкіл малын беріпқойыпты ғой. Мен саған төрт жүз қой, бір үйір жылқы берейін. Көктемде төлдейді»дейді. «Жоқ ештеңіңіздің керегі жоқ. Егер шын бергіңіз келсе, торы шолақатыңызды беріңіз» дейді. «Өй, жоқ. Құнанжан, оны бере алмаймын». «Онда,жарайды» деп жүріп кетеді. Сонда Ағанас бидің кемпірі: «Ойбай-ау, сырты түк,іші боқ төрт тұяқтыны жалғыз күйеу балаңнан аяғаның ба?» дегенде, «Мені ақымақдеп отырсың ба? Ертең жау шапса, бұл атпен Құнанбай пәлеге ұрынады. Бұның басықатты» дейді. Бірақ Құнанбайдың артынан кісі жіберіп шақыртып: «Сені ер жігітпе десем, өкпешіл екенсің ғой. Жарайды, бердім торы шолақты. Бірақ бұныменжауға шаппа» дейді. Содан атты Құнанбай алып қайтады. Бірк үні таңға жуықаттандаған дауыс шығады. Жылқыға ұры түсіпті. Құнанбай жас, дамбалшаң торышолаққа мініп ап шауып, майданға қойып кетеді. Аттың басы қатты, ие болаалмайды. Найза тиіп, аттан ауып түседі. Бірақ шылбырды жібермей, қолына орапұстап қалады. Найза қадаған батыр атты алайын десе, жібермейді. Анау кетіпқалады. Жолдастарына: «Анау бір аттан өлген неме екен. Жібермеді. Адам болса,ұзап барып, адам болады» дейді. Жұрт келсе, Құнанбай құлап жатыр. Өзініңайтатыны бар ғой. «Мені екі өлімнен халықтың тілегі аман алып қалды» деп. Сондасондағы бір ксі жарақатына қан ұймасын деп, аузымен сорып, түкіріп тастапотырыпты. Содан Құнанбай аман қалады.
Сол сияқты мен де қайын жұртымабардым. Атам сілеусін соғып алыпты, «қызым екеуіңе мал бердім» деді. «Жоқ мынасілеусінді беріңіз. Халық көрсін» деп алып, осы жерге әкеп қойдым.
Жаңа Құнанбайдың екі өлімненаман қалғаны туралы сөзін айттым ғой. Екіншісі шешек ауруынан аман қалған. ОсыШыңғыстауға келгенде ауырған. Оны емдеген Ырғызбай әулие. Шешек ауруы «неөзіңді алам, не көзіңді алам» деп келеді. Күшікбай батыр да шешек ауруынанқайтыс болған. Бірақ онікі сыртына шығып кеткен. Аурып жатқанда өзінің туысыкеліп, кермеде байлаулы тұрған кер бесті атын алып кетеді ғой. Денесі қызып,аурып жатқанда бір жалшысы атының алып кеткенін айтып қояды. Намыстанып,жылқыдан ат алғызып, ат ойнатады ғой. Сонда ақсақалдар жиылып, басу айтып,келісімге келеді. Сонда қансырып келіп, төбенің басында найзаға сүйеніп қайтысболады. Сол жерге жерленіп, халық Күшікбай асуы деп атап кетеді. Негізгі аты –кіші Арқалық.
Осы бір Құнанбай туралымысалдан соң, қажы атаның асқақ болмысы көз алдыңа келеді.
***
Шағжан Бекенұлы Абай,Мұхтар айналасының әңгімесін құныға айтып келеді. Өз ісіне берілген, шапаңқимылдап, шапаң сөйлейтін кісінің бар сөзін түсіне алмай қалып жатырмыз. Бірақшабытпен сйөлеп тұрған адамның сөзін бұзғың да келмейді.
Шағжан аға сөйлепкеледі...
***
Мынау Еңлік-Кебек пьесасыннанкөрініс. Жиырма жасында Мұқаң Әйгерімнің жайлауы Ойқұдықта қойған. Өзі сандықтаотырып, суфлер болған. Осы кезде Турағұлдың қызы Ақлия тұрмысқа шығып жатқан.Апамыз: «Шіркін-ай, Абай атам менің атымды ақылды болсын деп Ақлия қойды. Бақытдеп қойса, бақытты болар» едім деп өкініп өтіпті. Кеңес үкіметі кезіндекөрмегенді көрген ғой.
Енді үлкен Орда, Кіші Орда,Архат, Доғалаң. Бұл Шыңғыстың екінші бөлігі. Архатыңыз Мамай батырдың ауылы.Шәкәрім:
Келгені Тобықтының осы маңға,
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда.
Елді бастап әкелген Мамай батыр.
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға, – деп жырлайды ғой. Немесе «Еңлік-Кебекте»:
Надан елдің болады діні қатты,
Тапсырар Қабекең аманатты.
Шеткі Ақшоқы басында қалған бала
Күн батқанша сол жерде жылап жатты,– дейді. 1785 жылы Ақшоқыда Еңлік пен Кебекке Кеңгірбайүкім шығарған. Үлкен Орда екі ғашықтың тығылған жері. Мынау Шілікті кезең. Абаймен Шүкіманның танысқан жері.
Одан кейін Матайдың батыры Маянқорығы. Бақай деген Жуантаяқтың батыры Маянды жекпе-жекте өлтірген. Еңлік-Кебекоқиғасынан кейін неше жыл өткенде Маян келіп: «Апамның кегін алам» депТобықтыны шапқан. Сол кезде мамай сексен жаста. Ту ұстап, селкілдеп сауытынкиіп жатқанда Жуантаяқ Бақай батыр келеді. Екі атты ауыстыырп мінетін дәу кісіекен. Маян екеуі жекпе-жек шығып, Маянды өлтіреді. Өзі жарақат алып, бір жылөткенде дүние салған.
Одан Жидебай. Бұл Жуантаяқдеген рудың жері. Кейбіреулер қаракесектің Жидебай деген батыры сыйға бергендеп жаңылып жүр. Өтірік сөз. Тобықтының өз жерін Құнанбай сыйға ала ма?Борсықбай, Мұсақұлбай жатыр. Олар да жуантаяқ. Борсықбай – Тоқтамыстың баласы.
Қарауылтөбе. Ұлы ақынымызыдңтойы өткен жер. Қызылтас Көкбай Жанатаевтың жері. Суырып салма ақын. Абайдыңшәкірт-досы.
Көкбай мен Ермағамбет дойбыойнап отырады. Соның үстіне Көрпебай кіріп барады. Екеуін де сыпырып жеңіпалады. Енді Көкбай Абайдың алдында оған есемді қалай қайтарам деп отырғандамайлы ет келеді. Көрпебай майды теріп жеп отырса, Көкбай Абайға жалт қарап:
Мынау өзі біртүрлі сұғанақ көк,
Ақ майды теріп жейді сығалап кеп.
Май бұның бірдеңесін өлтірген бе,
Қайта қарайласады сыбайлап кеп,дейді.
Сонда Абай: «Өй, Көрпеш, жауапқатсаңшы» дейді. Абай денесі толық болғанымен, жіңішке әйел дауысты адам екен.«Абай аға, мен ақын емеспін ғой» деп, бір майды асап жіберіп:
Көкше атам құралған әр тараптан,
Құр сөзге аузы көмей, сылдыр қаққан.
Осы Көкбай ет жеуді жек көрмейді
Түбінде өлесің-ау қылтамақтан, – дейді. 1925 жылы қыркүйекте Күшікбай асуында қылтамақтан қайтыс болады.
Көкбай Абайдың ақыншәкірттерінің ішіндегі үлкені, сонымен қатар ақынның өз басына, ұлдарына үнеміжақын боп, хәкім ұрпақтарынуң арасында қадірлі болған.
***
Ары қарай Шыңғыстау, Хан биігі.Ары қарай Құндызды Шәкір Әбеновтің ауылы. Хан бигіне ары жерде Тоғжан жатыр.
Одан кейін Абайдың балаларыАқылбай, Мағауия, Әбдірахмандардың суреті. Балаларының әрқайсына Абай мінездемеберіп кеткен. Мағаш қайтыс болған соң, қырық күннен кейін Абай өмірден озды.
Бұл Мағаш саған да жоқ, маған да жоқ,
Мағаштай бала тумас көңілге тоқ.
Аз күнде дүниеден мен де кетем,
Маған да зар боларсың жиылған топ, – деп айтады Абай. Абайдың қырқында Семейде Ақылбайөмірден озады. Абайдың әулиелігіінң бірі, Мағаш дүниеден озғанда қасындағылар:«Мағаш дүниеден өтті. Енді кім ие болады?» дегенде, «Тураш бар ғой, Тураш барғой» дейді. Ол кезде Ақылбай тірі. Неге Ақылбайды айтпады? Кім білдеі, Құдайсездіртті ме?...
Мынау Мұқаңның Алматыдағымұражай-үйінің макеті. Ләйлә апайдың еңбегі ғой. Бұл бөлмедегі суреттер отбасы,әр елге жасаған саяхаттары.
Неше түрлі әңгіме бар ғой.Қаныш, Әлкейлер елдеріне барса, шалдарға құрмет көрсетіп, шапан ауып, дастарханжаяды екен. Мұқаң өзі қуғында үріп ондайды істемеген. Кейін бірде елге келіп,ақсақалдарды күтіп жіберсе: «Мына қожаның баласы өзгеріп кетіпті» деп айтадыекен.
***
Бөрілідегі музей ішінен тым тезаралап, Шағжан Бекенұлын тез сөйлетіп, шығып келеміз. Кіре берістегі Мұқаңныңбас мүсінінің жанында суретке түстік. Тілек жазып қалдыратын кітапшаға басжазушымызға деген шексіз құрметіміз бен алғаусыз көңілімізді төгіп, қол қойдық.
Алда Жидебай.