23:31, 13 Маусым 2019
Мұрат Шаймаран мен Тынымбай Нұрмағанбетов лауреат атанды

Бүгін Қазақстан жазушылар одағында Атырау облысы мен Жазушылар одағы бірлесіп тағайындаған Жұмекен Нәжімеденов атындағы поэзия және Ғабдол Сланов атындағы проза сыйлықтары бір топ қаламгерге табысталды.
Бұл сыйлықтар биыл алғаш табысталып отыр.
Поэзия номинациясы бойынша Жұмекен атындағы сыйлыққа ақындар Мейірхан Ақдәулетұлы, Бауыржан жақып, Сұраған Рахметұлы, Мұрат Шаймаран және Нұртас Тұрғанбекұлы ие болды.
Проза номинациясы бойынша Ғ. Сланов атындағы сыйлықтың лауреаттары – жазушылар Тынымбай Нұрмағанбетов, Несіпбек Дәутайұлы, Молдахмет Қаназ, Нұрлан Қами, Асқар Алтай.