16:47, 23 Қараша 2021
Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өз өкілеттігін Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев партияға 22 жыл жетекшілік еткен
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының төрағасы лауазымында қалған еді.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының төрағасы лауазымы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
