Н. Назарбаев: Осы жолғы қиындықтың орны бөлек
ҚР ТұңышПрезиденді – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыңтөрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.
Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысындакоронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ елэкономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелеріқаралды.
Елбасыжаһандық қауіп-қатерлер төңірегіндегі жағдай алаңдатарлық сценарий бойыншадамып жатқанын атап өтті.
–Коронавирустың салдары әлемдік экономиканың маңызды жүйелеріне әсер етуде. Халықаралықвалюта қорының сарапшылары қазіргі «Жаһандық карантинді» өткен ғасырда болғанҰлы депрессиямен салыстыруда. Олардың пікірінше, жан басына шаққандағы табыскөлемі 170 елде төмендейді. Экономикасы әлсіз елдер көбірек зардап шегетінболады. Сарапшылар осы тоқсанда пандемия мен экономикалық дағдарыстың шарықтаушегі қатар келеді деген болжам жасап отыр. Өнеркәсіптік өндірістің құлдырауыЕкінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төмен деңгейге жетуі мүмкін, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
НұрсұлтанНазарбаев жақын арада әлемнің барлық мемлекеттері бұдан да ауыр сынақтарға тапболатынын және оның бәрі Қазақстанды да айналып өтпейтінін айтты.
– 20 сәуірдемұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп кетті. Әлемдік нарықтардыңтеңгерімі бұзылды. Пандемияның соңы және өндірістің жаппай құлдырауы жаһандыққаржы дағдарысына ұласады деген де болжам бар. Келесі кезең – әлемдіказық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуіықтимал, — деді Елбасы.
ҚауіпсіздікКеңесінің Төрағасы күрделі кезеңді табысты еңсеруде қазірден бастап қолғаалынған іс-шаралар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Мемлекетбасшысы мен Премьер-Министр дағдарысқа қарсы қажетті барлық шешім қабылдады.Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді. Мен барлықазаматтарды төтенше жағдай кезінде тиісті талаптарды орындауға шақырамын.Тарихымызда мұндай ауыртпалықтар талай рет болған. Бірақ осы жолғы қиындықтыңорны бөлек. Әрбір қазақстандық мемлекеттің қамқорлығын сезінуі үшін қолданкелгеннің бәрін жасап жатырмыз. Сонымен қатар қазір біз алдын-ала қамдануымызкерек. Әлемнің бұрынғыдай болмасы анық, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
ҚауіпсіздікКеңесінің Төрағасы мемлекет пен қоғамда болатын өзгерістерге де тоқталды.
–Біріншіден, барлық ел өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарап жатыр.Мұнда өзін-өзі қамтамасыз ету, өзіне тиеслі ресурстарға үміт арту, өндіріс пенқаржылық тізбектің сенімділігі алғашқы орында болады. Екіншіден, жаңа салалықбасым бағыттар қалыптасады. Тиімсіз секторлар мүлде жойылып кетеді.Экономикалық өсімнің көшін тың салалар бастайын деп тұр. Олар экономиканы ілгерілетіп,адамдарды жұмыспен қамтиды. Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар технологиялықжәне экономикалық әлемдік тәртіптің циклдік өзгеруімен байланысты. Қазір ескімодельдің күйрегенін көріп отырмыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасыжаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурстар барекенін атап өтті.
– Өткенжылдары біз шикізатқа тәуелділікті азайту үшін табанды жұмыс істедік. Сондықтандамудың барлық негізгі бағыттары бойынша арнайы бағдарламалар әзірленді.Индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылымдық даму, ауылшаруашылығы, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Оларға үлкен ресурсбөлінді. Біз Ұлттық қорға қомақты қаражат жинадық. Енді дағдарыс кезінде оныңелге пайдасы тиіп жатыр. Алайда қордағы қаржы шексіз емес, оны үнемді жәнеең қиын жағдайда ғана пайдалану керек, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
ҚауіпсіздікКеңесінің Төрағасы әлеуметтік-экономикалық дамуда ерекше әдіс-тәсілдердіқолданудың маңыздылығын атап өтті.
– Біріншікезекте дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруымыз керек. Көрсетіліпжатқан көмектің бизнес пен халыққа жетуі үшін бөлінген әр теңгені қадағалауқажет. Қазірдің өзінде экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгікезеңде даму бағдарламасын іске асыруға кіріскен жөн. Экономиканың негізгісалаларының, болашақ экономикасының, қаржы және әлеуметтік саланың, қалалар менауылдардың даму бағыттарын анықтап алу маңызды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасыдағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттікоргандардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды.
–Қазақстанды тиімді корпорация ретінде қарастыратын сәт туды. Ол стратегиялықәрі операциялық нақты жоспарға сәйкес бірыңғай орталықтан басқарылуға тиіс.Ауыл әкімінен бастап Үкімет мүшесіне дейінгі мемлекеттік қызметшінің бәрі өзжұмысын қайта пысықтап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет. Елге экономиканықалпына келтіру, жұмыссыздықты азайту, халықты азық-түлікпен және қажеттініңбәрімен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі батыл шешім қабылдай алатын менеджерлеркерек, — деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.
Қорытындылайкеле, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы 2020 жылғы дағдарыстанкейінгі еліміздің даму жолын дер кезінде ойластыру бұл қиындықтыжеңіп шығуға көмек беріп қана қоймай, бүкіл мемлекет үшін пайдасы тиетіндігінатап өтті.
– Біз бұл дағдарысты да жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдермен министрлер тікелей жауап береді. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалармен дағдарысқа қарсы іс-шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуіқажет. Мен барша қазақстандықтарды қабылданған шараларды қолдауға, бірліккежәне тәртіпті сақтауға шақырамын. Мұның бәрі халықтың мүддесі үшін жасалыпжатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.