07:34, 15 Шілде 2020
Найзағайдан бүтін бір ауыл өртеніп кете жаздады

Батыс Қазақстан облысында найзағай салдарынан өртшықты, деп хабарлайды Tengrinews.
kz тілшісі.
Алдымен дала өртенген. Кейін қызыл жалын Ақжайықауданы Коловертное ауылын шарпыған. Екі үй мен бірнеше ауыл шаруашылығы нысаныөртеніп кеткен.
Облыстық төтенше жағдай департаменті мәліметінше,Ақжайық ауданында өрт 13 шілдеде басталыпты. Алдымен орман мен даладағы шөпөртенген. Ауданда өрттің бірнеше ошағы тіркелді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшіноқиға орнына Атыраудан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-884 тікұшағы менарнайы құрал жіберілді. Жағдайды 40 градустық ыстық пен жел ушықтырған.