Намыс туралы

Ұлттық намыстыояту көне түркілік одақтардың пайда болуының тарихын танумен тікелей байланысты болуы керек.
Далашежіресін оқытуды түбі, бүлкілдеген тамырдағы қаны біртүркінің бірлігін дәріптеуге дейінжеткізуіміз керек. Ұлы Тұран мен Ұлы Дала тарихы біздің өрлеуіміздің қайнарына айналар сонда. Ұлт үшін руханиассимиляциядан асқан қауіп жоқ екенін естен шығармау керекпіз. Біз байырғыпассионарлық қасиеттен жұрдай болдық. Сондықтан бүгінгімізден мақтанарлық түк таппай тарихқа жүгінгішпіз. Солтарихтың өзін де мандытып білмейміз. Тек үзінділер. Әсіріесе, мақтануға оңтайлы«жеңісті» сәттерді жаттап алғанбыз. Өкініштісі, тарихи деректің бір жағымсыз тұсы бар – ол тез тозады.
Ал, адамзаттың талбесігі болған алып материк, ұшан теңізтерритория мен түркілердің (ғұн, скиф, сақ, торғауыттар, көктүркілер...) ұлымәдениеті сол түрен тимеген қалпы тың жатыр. Дәл осы Алтай етегінен, Ұлы жібек жолынантүркілерге ілесіп, ой, мәдениет, дүниетаным, кеңістікті ұғыну сынды түсініктер өрледі емес пе… Бұл даладанәлемнің төрт бұрышына тек соғыс өрті (соғыстың да мәдениеттің өркендеуене әсеріболғанын айта кеткен жөн) тарады! – дегендер жаңылысады. Осы қасиетті қазандакүллі адамзатқа азық боларлық ет асылған. Сол «еттің» кесектері әлемнің барлықданагөйлеріне талғажау болған. Қазір оны ұмыттық. Әлде басқа арнағы бұрыпжібердік. Мәнін бұздық.
Біз– түркілер – өте ұзақ ұйықтадық. Әлі де мүлгігенкүйдеміз. Ояна қалсақ қандай түс көргенімізді есімізге түсіре алмаймыз. Көз ілгенде көретініміз – өткеніміз. Ол өте күрделі. Сөйте тұра оған данышпандықпен көркем ой тұнған. Оның ғұламалығы мен сұлулығын айтсаң кез келгеннің аузыашылар. Біздікі – айтып беру. Біздікі – баяндау. Мазмұнынбұрмай, шынайы жеткізу.
Жадымызды жаңғыртып, бәрін пленкаға түсіруіміз керек. Осыданкейін үлкен іс тындырғаныңды ауыз толтыра айтуға болады. Ұлттық намыс пентанымды оятуға тарихтан артық ештеңе де әсер алмайды.
Аударған Серік Әбікенұлы
Фото: adebiportal.kz