Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 29 Шілде 2020

Науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

Шымкентте коронавирус дертіне шалдыққан науқастарғапсихологиялық көмек көрсетіледі.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялықорталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтаубасқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оныңайтуынша, індетке шалдыққан науқастар аталған психологиялық көмекті «1430» қосымшасынатіркеліп, онлайн түрінде алады.

–Бұл «1430» мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді.Мамандар коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарғапсихологиялық оңалту жұмыстары бойынша онлайн түрде кеңес береді. Аталғаніндеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан, науқастың бойында үрей қалады. Солсебепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу үшін бұл көмектіңмаңыздылығы ерекше, – деді Т.Варзилов.

Айтакетейік, «1430» онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы осы жылдың 15 шілдесіненбастап іске қосылды. Бүгінде қосымшаға тіркелген эпидемиолог, инфекционист,пульмонолог сынды бейімді мамандардан бастап, жалпы саны 692 дәрігер халыққаонлайн түрде өз қызметтерін көрсетуде. Аталған кеңес тобына хабарласып жатқаннауқастардың саны күннен-күнге артып, қашықтықтан консультациялық кеңес беружұмыстары қарқынды жүруде.

Тегтер: