Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:35

Назарбаев мектебінен шығарылған түлек ауруханаға жатқызылды

Жедел жәрдем
Фото: ашық дереккөз

Мұғалімді қорлағаны үшін мектептен шығарылған 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқан ауруханаға түсті. 

Халықаралық Кембридж емтиханын тапсыруға рұқсат берілмегеннен кейін, оның жағдайы күрт нашарлап, дене қызуы төмендеп, құрысу белгілері байқалған. Ол 21 мамырдан бері тамақ ішпегені белгілі болды.

Сонымен қатар Майқан видеоүндеу жолдап, кінәсін мойындап, НЗМ-де оқуын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұрады. Ол ата-анасының орыс тілін білмейтінін, ал қысым әсерінен оқудан шығару туралы құжатқа қол қойғанын айтты.

Қоғам белсендісі Айда Букаева мектептің әрекетін сынап, ал мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қарапайым мектептерді НЗМ-нен артық деп атады.

— Егер осы мектеп білім беру элитасы саналса, ондай элита керек емес. Жүрегі мен жаны бар қарапайым мектеп екіжүзді НЗМ-нен әлдеқайда артық, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Еске салайық, Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «L» сынып оқушысын соңғы қоңырауға бір күн қалғанда оқудан шығарып жіберді.