Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:01

Назарбаевтардың компанияларының мемлекетке қарызы 260 млрд теңгеден асады

Назарбаев
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда соңғы жылдары ең ірі салық қарызгерлерінің тізімінде Назарбаевтар отбасымен байланысты компаниялардың аты аталып келеді. 

2026 жылы «анти-рейтингте» бірінші орынға Болат Назарбаевқа тиесілі «Ai-To Progress» ЖШС, үшінші орынға оның әпкесі Әнипа Назарбаева қатысқан «Group of the companies TDA» ЖШС, бесінші орынға қызы Гүлмира Назарбаеваға (қазіргі Байзақова) қатысты «GB Invest» ЖШС шықты.

Бұл компаниялардың бюджет алдындағы қарызы 260 млрд теңгеден асады.

Назарбаевтар отбасы компанияларының ортақ ерекшелігі – қарыздан құтылу үшін банкроттық рәсімге жүгіну. Алайда қазіргі кезде соттар қажетті шешімдер қабылдауда сәтсіздікке ұшырап отыр. Негізгі себеп – соттар компаниялардың қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат ала алмай жатыр.