Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:11, 24 Сәуір 2020

Не қымбат: футбол ма, адам ба?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы УЕФА-ны 2021жылдың соңына дейін барлық халықаралық турнирлерден бас тартуға шақырды.

Бұлтуралы жетекші еуропалық клубтар қатысқан видеоконференция кезінде айтылды.

Қазақстандық футболға биыл 55млрд теңгеден артық қаржы шығындау жоспарланған. Ал бұл – қазір адамдардыңденсаулығы үшін, басын бәйге

ге тіккен дәрігерлердіқолдауға арналған мемлекеттік қаржыдан да асып түседі.

Футболдыңәлемдегі үлесі…

Қазір «Астана»футбол клубының Черногориядан келген орталық жартылай қорғаушысы ЖаркоТомашевич басқа ойыншылармен қонақүйде жатыр. Әр күні «әдеттегідей, ұйқы,тамақ, жаттығу, бейнеойындар, әңгімелесумен» өтіп жатқанын айтады спортшы, «Астананың»ресми сайтына берген сұхбатында.  Жаттығужұмыстарын жасауға да мұнда мүмкіндіктер жасалыпты.

Қазақстандаәлі шеберлігін анық көрсетпеген ойыншы өз елін індетпен күресте қаржылай қолдапүлгеріпті. Черногория денсаулық сақтау саласына «Астана» клубының ойыншысы 20мың евро бөлгенін Черногория үкіметі Twitter парақшасында жазған. Transfermarktбағамы бойынша, бұрын 1,5 млн евро тұрған «астаналық» легионердің құны қазір –900 мың евро.

Ал, мәселен, испандық«Барселона» капитаны аргентиналық Лионель Месси короноврисупен күреске 1 млневро қаржы жолдап, оны екі мемлекет – өзі жұмыс істейтін Испания мен Аргентинаемханаларына теңдей бөлген. Ол қаржыға медициналық қондырғылар мен қорғаныс құралдарысатып алынады.

Әрине, Месси мен Криштианусияқты індетпен күреске миллиондап қаржы шығындаған еуропалық спортшылардықазақстандық легионерлермен салыстыруға келмес. Дегенмен, сарапшыларҚазақстанда футбол жеке компаниялардың ғана емес, қомақты бюджет қаржысын дақағып алып отырған қымбат ойын-сауық түрі екенін айтады.

                            Қазақстандағы шығыны…

Қазақстандық 12 кәсібифутбол клубын ұстап тұруға, «Zertteu Research Institute» мәліметтері бойныша, биылғыжылға мемлекеттен 20 млрд теңге жұмсау көзделген. Мысалы, биыл «Ордабасы»командасына Шымкент бюджетінен 6,25 млрд теңге шығындалмақ. Ал қазіргі төтеншежағайда бұл қаржыға Шымкентте бір жақсы емхана ашуға болады. Дағдарысқа қарсыүкіметтік шаралар аясында, бюджеттен Шымкент, Нұр-Сұлтан және Астанадакарантиндік типтегі 680 орындық 3 медициналық кешен құрылысына 14 млрд артыққаржы жұмсалмақ.

Ал «Астана» клубына,«Курсив» мәліметтеріне қарағанда, «Самұрық Қазына» жыл сайын 13 млрд теңгебөлсе, тағы 2 млрд теңге Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінен түседі. Нәтижесінде,еуропалық өлшем бойынша да қомақты сома – 35,5 млн евро шығатынын жазадыбасылым. Бұл қаржыға төтенше жағдайда миллион мұқтаж адамды ең қажеттіазық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге болады. Себебі, бюджеттенмүмкіндіктері шектеулі жандар, балалар, жұмыссыздар және тағы басқа әлеуметтіктөлем алатын 2 миллион адамға карантин жағдайында алғашқы қажет заттарды алуға30 млрд астам қаржы көзделген. 

Жалпы, қазақстандық 12футбол клубына, «Курсив» деректеріне сәйкес, биыл мемлекеттік және жеке қаржыкөздерін, қоса алғанда, 55 миллиардтан астам ақша жұмсалмақ. Бұл уақыттақарапайым қорғаныс құралдары жетіспей, вирус жұқтырып, «алғы шепте» жүргендәрігерлерді ынталандыруға бюджеттен 40 млрдтан артық теңге қарастырылған. Алжеке қорғаныс құралдары, дезинфекция заттарына мемлекет жұмсағысы келетін қаржы(20,6 млрд. теңге) бір жылда 12 футбол клубы бюджетінің жартысына да жетпейді.

Алматылық «Қайрат» командасының бір жылдық шығынына  (8 млрд) қазір ауру жұқтыру қатерінеқарамастан, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларына жұмылдырылған 66 мыңнанастам әскерилер мен полицейлерге 1 реттік сыйақы (8 млрд) беруге болады.

Әрине, футбол – 4 миллиардтан астам адамның сүйікті ойыны, ең танымал спорт түрі. Бірақәлемде қатерлі індеттің таралуы футболистердің емес, дәрігерлердің, ойын-сауықемес, адамның денсаулығы маңызды екенін айқындай түсті. Барлық елде көп мәселеқайта қаралып, жаңа басымдылықтар айқындалуда. Халықаралық турнирлер кейінгеысырылуда. Онда неге мемлекет қымбат шығындардан арылып, қаржыны қазіргі жаңабасымдықтар  – адам өмірін қорғаумақсатына бағыттамасқа?!   

Тақырыпқаорай:

Қуаныш Оңалбаев, «Zertteu Research Institute»директоры:

–Мен өзім бұрын футболменайналысқанмын. Барлық футбол клубтарының мемлекеттік, жергілікті бюджеттерденқаржыландырылатынын білемін. Бес жылда кәсіби футбол клубтарын қаржыландыруғажергілікті бюджеттерден 100 миллиард теңгеден артық ақша бөлінді. Меніңше,оларды спорттық инфрақұрылымдар, балалар, бұқаралық спорт түрлдерін дамытуға бағыттауәлдеқайда тиімді болар еді. Кезінде Исландия солай жасап, әлемдік футболдаорасан зор прогресс жасағаны белгілі.

Айжан ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Тегтер: