Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:41, 28 Қазан 2019

Нестор Тобиас: Төрешілер әділ бағалаған жоқ

Намибиялық боксшы Уолтер КАУТОНДОКВАНЫҢменеджері Алматыда өткен жекпе-жектің қазылығына көңілі толмайды екен.

Олшәкіртінің Қанат ИСЛАММЕН тағы да кездесуіне ықласты. Бұл туралы Нестор ТОБИАС Вести кзсайтының тілшісіне айтқан.

«Келісім шартта он раундтық жекпе-жек деп көрсетілген. Фанаттар үшін жақсыкездесу болды. Барлығына ұнағанына сенімдімін. Қарсыластар бір-біріне жақсыдайындалған. Егер екі жақ келісе алсақ тағы бір кездесу ұйымдастыруға болады.Ол жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге де қарсы емеспіз. Енді қазыларға келсек.Осы кездесуде жұмыс жасаған судьяларды енді үлкен бәсекелерге қазылық жасатпаукерек. Уолтер тек екі раундта жеңіпті. Сіз осыған келісесіз бе? Судьялардыңкарточкаларын санайықшы.  Егер УолтерҚанат Исламды екі рет нокдауынға жіберген болса да жеңіліп қалады екен. Бұләділет пе?», — деді Тобиас.

Қанат ИСЛАМ мен Уолтер КАУТОНДОКВАасарындағы майдан 26 қана күні Алматыдағы Балуан Шолақ сарайында өткен. Бәске WBO International белбеуі тігілген. Тек қана отандық мамандар ғанатөрелік етті.

Қазақ боксшысы бұл кәсіпқой рингтегі 27жеңісінен кейін өз дивизионында 12 сатыға жоғарлады. BOХREC рейтингіндегі ТОП-20 тізіміне еніп,17-ші орынға көтерілді.

Фото: Вести кз

Тегтер: