Ниязымбетов Бекзаттың жеңісі мен Левиттің «жеңілісі» жайлы пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, олимпиада ойындарының екі дүркінкүміс жүлдегері Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ 81 келідегі өзінің ізбасары БекзатНҰРДӘУЛЕТОВТЫҢ жеңісіне қатысты пікір білдірді.
Кеше 21 қыркүйек күні Ресейдің Екатеринбург қаласында Бекзат Нұрдәулетовәлем чемпионы атанған еді.
«Бекзат әлем біріншілігініңлайықты чемпионы атанды. Менімше оның жеңімпаз болуына жартылай финалдағы ХулиоЛа КРУСТЫ жеңіп кетуі үлкен роль атқарды», — деді Ниязмбетов sports.kzсайтына берген сұхбатында.
Кубалық Хулио Ла Крус әлемнің төрт дүркін жеңімпазы, Рио олимпиадасыныңчемпионы. Әділбек Ниязымбетовтың екі әлем және олимпиада ойындарының финалындаалтыннан айырған еді.
«Біздің боксшылар әлемчемпионатының алдында кубалықтармен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Солжерде Бекзат қарсыласын зерттеді. Бапкерлер дұрыс тактика құрып берді. Бекзатсоны дұрыс орындап шықты. Ал финалдағы жекпе-жекте соңына дейін айқасты», — деді экс-капитан.
Сондай-ақ, Әділбек Ниязымбетов жартылай финалдағы Василий ЛЕВИТТІҢжекпе-жегі жайлы пікірін де білдірді.
«Менімше Вася эквадорлықбоксшыдан жеңілген жоқ. Өздеріңіз білесіздер онда саясат бар ғой», — деп қысқақайырды Ниязымбетов.
Фото: alashainasy.kz