Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 17 Тамыз 2020

«Nur Otan» праймеризіне қатысуға өзін-өзі ұсынғандар көп

 

Партияішілік іріктеу – «NurOtan»ың праймеризіне қатысушылардытіркеу басталды.

Алғашқы бірнеше сағат ішінде 500-ге жуық адам праймеризге қатысуға ниет білдірді.

157өтініш жолдаған Қостанай облысындағыпартиялықтар белсенділік танытты. Ақмола облысындағы партия мүшелерінен 110өтініш келіп түсті. Бастауыш партия ұйымдары 129 адамды ұсынса, 342 адам (72,6%)– өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтықұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну жәнетіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Лидері НұрсұлтанНазарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси дамутарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл –Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам»партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерініңбірі. 

Кандидаттар праймеризге бастауышпартия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұлретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келгеназамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзіміаяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек.

Праймериздің негізгі мақсаты –алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдергеенгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партиякөшбасшыларын анықтау.

Сонымен, кандидаттарды ұсыну жәнетіркеу 17 тамыздан басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі — 31тамыздан 6 қыркүйекке дейін.

7 қыркүйектен 3 қазанға дейінаралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйекаралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайыақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.

Осыған байланысты партия Төрағасыныңтапсырмасы бойынша онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді.«Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпыжұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларынонлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді. 

1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00)аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауысберуді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан)бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқелді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылыдауыс беруге болады.

Үміткерлердің рейтингі көрсетілгенпраймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін «Nur Otan»партиясы праймериз өткізу, сондай-ақ, кандидаттарға ұйымдастырушылық жәнеқұқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша 8 (800) 080 4441 арнайы желіні іскеқосқан болатын. Соңғы 2 айдың өзінде аталған желіге 15 мыңға жуық қоңыраутүскен. Олардың ішінде өтініш білдіргендердің жартысынан көбі 30 бен 44 жасаралығындағы адамдар.

Тегтер: