«Нұр Отандағы» «нұрлы» дау

Халықдертпен арпалысып жатқанда билік партиясының өкілдері лауазымға таласуда
Қарағандыда«Нұр Отан» партиясы төңірегінде дау-дамай туындады.
«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші,түптеп келгенде кикілжің бір бастықтың екіншісін орнынан алумен байланыстыболып тұр. Қараша халық тірі қалудың қамымен зар қағып жүргенде билік партиясыөкілдерінің лауазымға таласуы, әрине, сүреңсіз оқиға екені сөзсіз.
Дегенмен шудыңнеден шыққанына үңіліп көрсек, Жезқазған қаласындағы «Нұр Отан» партиясыфилиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова партия қатарындағыбір кандидаттың істі болғаны жөніндегі ақпаратты жариялаған. Алайда бұлкандидат сотқа апарған жағдайдың болғанын мойындағанымен, сотталмағанын алғатартқан. Осы кезде партияның Қарағанды облыстық филиалының біріншіорынбасары Қадиша Оспанова Гүлмира Каженовадан әлгі «сотты болған» кандидаттанкешірім сұрауын талап еткен. Гүлмира Каженова өз кезегінде кешірім сұраудыдұрыс емес деп есептейді. Осыдан кейін Қадиша Оспанова «есеп берілмеді» дегенсылтаулармен Каженованы жұмыстан шығарып жіберген. Партия басшыларының бұл дауысотқа жеткен. Істі қараған Қазыбек би аудандық соты «Жезқазған қаласындағы «НұрОтан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова орнынаннегізсіз шығарылды» деген шешімге келген. Сот шешімімен Гүлмира Каженовалауазымына қайта тағайындалады. Ал партия Гүлмира Каженованың наурызайынан маусым айына дейінгі 778 мың теңге жалақысын және 50 мың теңге моральдықшығынды өтеуге міндеттелген.
«Нұр Отан»партиясындағы дауды әлеуметтік желіге шығарған фейсбук қолданушысы ГүлбануАбенова бұл мәселеге Бауыржан Байбек пен Жеңіс Қасымбек назар аударулары қажетдеп хат жазады. Мұнда Жезқазғандағы партия қызметкері Әлия Абдикаликовакезінде еңбекке жарамсыздық парағы бола тұра, өзін Қадиша Оспанованың жұмыстаншығарып жібергенін, кейін сот арқылы жұмысқа қайта тұрғанын жазған. ӘлияАбдикаликова Қадиша Оспанова өз қателігінен келген шығынды партия мүшелерініңақшасынан емес, өз қалтасынан өтеуі керек деп есептейді. – Мен өз басым Гүлмира Каженованытанымаймын. Дегенмен әлеуметтік желіге қарасақ, ол кісіге қатысты ешкімнің наразылығынкөрген жоқпын. Оның әркез әділдікті жақтайтыны партияға қарсы сотпроцесінде жеңіске жетуіне арқау болды. Сол себепті мен де әділдіктің қашандаүстемдік құруын қалаймын. Қадиша Оспанованы атқарып жатқан қызметіне лайық емесдеп есептеймін. Бір сөзбен айтқанда, қылығы партия мүшесінің этикалық кодексінесай емес. Қарағанды қаласында одан басқа әдепті, білімді іскер азаматтаржетеді, – деп мәлімдеді «Жас Алаш» газетіне сұхбат берген Гүлбану Абенова. Аталмыш дау-дамайдың анық-қанығынбілу мақсатында Қарағанды облысы «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөзқызметіне хабарластық. Алайда баспасөз хатшысы өзінің еңбек демалысында жүргеніналға тартып, сұхбат бермеді. Ал облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің бұл мәселегеқалай қарайтыны әзірге беймәлім.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
Қарағанды облысы