Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 27 Қаңтар 2022

«НҰР ОТАНҒА» РЕФОРМА ҚАЖЕТ!

None
None

28 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтеді екен. Дұрыс. Кешегі қаңтар қырғыны жөнінде біраз мәселе осы жерде айтылады.

Партияның өзінде де біраз өзгерістер болмақ. Әрине жақсы жағына қарай.

Дегенмен билік партиясы «Нұр Отанға» деген халықтың көзқарасы жақсы емес. Тіпті бұл партия ел ортасында ешқандай беделге де ие емес екені анық. Тек биліктің үкілеуімен ғана отырған партия. Ақиқатын айтар болсақ, бұл партияны таратып жіберген дұрыс. Реформа жасау қажет. Демек халықтың көңіл-күйін реттеу үшін, осы съезде партияның аты өзгеріп, тек «Отан» деген атауы қалуы тиіс деп ойлаймын. Тіпті «Атамекен» деп өзгертсе де керемет болар еді. Қазақтың ғажайып, қастерлі сөзі. «Атамекен» деп аталып жатса, халықтың да бұл партияға деген көзқарасы өзгерер еді. Әрине ол үшін партияның ішінде үлкен өзгерістер, реформалар жасалғаны жөн. Құрамы да електен өтуі тиіс!

Тегтер: