07:48, 14 Сәуір 2020
Нұр-Сұлтан және Шымкентте коронавирустан екі адам қайтыс болды
Нұр — Сұлтан және Шымкент қаласында коронавирустан екі адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.
kz жариялады.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар 14 адам болды.
Денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір 23.40-та Қазақстанда 112 адамнан коронавирус табылғанын, оның 99-ы Алматы қаласынан шыққанын хабарлаған.
Соңғы мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар Қазақстанда 1091 адамға жетіп, 138-і сауығып шықты.