Нұр-Сұлтанда азық-түліктің кейбір түрлерін сатып алуға шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Ерлан Бекмырзаев астанада кейбір азық-түлік түрлерін сатып алуға шектеу қойылғанын хабарлады.
Енді Нұр-Сұлтан тұрғындары дүкеннен бес килодан артық жарма, ұн, қант және бес литрдан артық сұйық май сатып ала алмайды.
— Қазір сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекте бес литрдан артық сұйық май және бес килодан артық қант, ұн, жарма сияқты сусымалы өнімдер болмауы тиіс, — деді Ерлан Бекмырзаев.
Бекмырзаевтың айтуынша, карантинге байланысты астанада барлық ірі ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жабылады. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық болады. Ашық нысандар санитарлық-дезинфекция шараларын күшейтеді. Мысалы, кезекке тұрған кезде сатып алушылар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы тиіс.
Бекмырзаевтың айтуынша, қазір қалада 48 мың тонна азық-түлік қоры бар. Қала билігі аймақтағы шаруа қожалықтарымен қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша келісім жасасқан. Ол қалада нан бағасы 95 теңгеден аспайтынын да айтты. Алдағы уақытта азық-түліктің негізгі түрлерінің бағасы бекітіледі.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа байланысты 19 наурыздан бастап карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурызда жолаушылар пойызы, ішкі рейстер тоқтайды.
19 наурызда Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті. 19 адам — Алматы, 25 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып біле аласыздар.
Видео: Карантинге байланысты жолаушылар әбігерге түсті (18 наурыз 2020 жыл).
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Карантинге байланысты жолаушылар әбігерге түсті» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз Карантинге байланысты жолаушылар әбігерге түсті
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30495287.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:03:46 0:00 Жүктеп алу