08:33, 22 Наурыз 2020
Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Науқастар туралы министрлік әзірге толық ақпарат жариялаған жоқ.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда — 22 адам, Нұр-Сұлтанда — 31 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
⠀