Нұр-Сұлтанда және тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда және тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қ: 17 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: 17 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90%», — делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.17-18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 17 тамызда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 17 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-75 %.«17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 17 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%», — делінген хабарда.Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ: 17 тамызда таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.«17 тамызда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%», — деді «Қазгидрометтен».17,18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 17 тамызда найзағай күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 80-85%.«17 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%», — деп ескертті синоптиктер.Күндіз 17 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 17 тамызда батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 80-85%.