12:48, 30 Мамыр 2022
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда жалған доллар сатылған - ҚМА

Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері мен банкоматтарда, букмекерлік кеңселерде жалған доллар сатылған.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі өкілі айтты.
«Елордалық ҚМА департаменті 54 850 доллар көлемінде жалған ақша қаражатын сақтау және өткізу бойынша әшкереленгендерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Жалған купюралар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы айналымға, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыруға, сондай-ақ, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға енгізу арқылы тартылған», — делінген хабарламада.