Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі коронавирусжұқтырғандардың көбеюіне қарсы және карантин шараларының күшеюіне байланыстытуристік аймақтар жабылатынын хабарлады.
Астанадан шығар жолда күзет қойылған, онда елордалық полиция қызметкерлерітұрғындарға демалыс орындарына автокөлік қозғалысы шектелгенін түсіндірубойынша жұмыс жүргізеді.
«Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Коронавируспен күресуүшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсінікпен қарап, суға шомылумаусымы ашық демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауыкерек», — деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің басшысы ГосманЖакин.
Елорда полицейлері тұрғындарға туристік аймаққа бармауға кеңес берді.
«Нұр-Сұлтан Полиция департаменті азаматтардықоғамдық орындарда жауапты болуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады,сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қаладан тыс жерлергебармауды сұрайды», — деп қорытындылады полиция өкілі.