Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:41

Нұрәли Әлиев: "Қайрат"-"Реал" матчы әкемнің арқасында өтті

Рахат Әлиев
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің ел футболына қосқан үлесі туралы айтты.

Ол өзінің жазбасында Рахат Әлиевтің Қазақстан футбол федерациясын басқарған кезеңі ел спорты үшін тарихи шешімдер уақыты болғанын атап өтті.

Нұрәлі Әлиевтің айтуынша, дәл сол уақытта Қазақстан Азиаттық футбол конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА-ға қабылданды.

«Соңғы күндері әкем Рахат Әлиевке көп жылы сөздер айтылды. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені оның басшылығы кезінде, 2002 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Азиядан шығып, ресми түрде УЕФА құрамына кірді. Мен ол келіссөздерді, Мишель Платинимен Стокгольмде өткен кездесуді, оның 2005 жылы Алматыға алғаш келуін жақсы білемін. Ол кезде бәрі енді басталып жатқан еді…» – деп жазды ол.

Әлиевтің айтуынша, осы қадамның арқасында қазақ клубтарына еуропалық ареналарға шығуға жол ашылды.

«Кеше мен Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын көрдім: біздің алматылық «Қайрат» – УЕФА-ның ең атақты клубы «Реал Мадридке» қарсы ойнады! Сол сәтте мен бұл шешімнің қаншалықты стратегиялық болғанын анық сезіндім. Мақтанамын! Барлық алматылықтарды, бүкіл Қазақстанды және, әрине, «Қайрат» футбол клубын осы тарихи оқиғамен құттықтаймын!» – деді Нұрәлі Әлиев.

Тегтер: