Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:08, 18 Маусым 2020

Нұрдәулет АҚЫШ, жазушы: Мемлекеттік сыйлық алуға лайық емеспін

Нұрдәулет аға, жазушы ретіндегі шығармашылық жолдарыңызғақарап отырсам, өзіңізді алғаш рет республикаға прозашы ретінде танытқан бұрынғы«Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алаш» газеті екен.

Қалай жарияланғаныңыз жөнінде оқырмандарымыздыхабардар етіп қойсаңыз.

– Ең алдымен редакция қызметкерлері мен оқырмандарды жастаргазетінің шыға бастағанына 100 жыл толуымен құттықтаймын! Алдағы уақытта даоқырмандар көңілінен шыға беріңдер дегім келеді.

Олкезде мен Абай атындағы ҚазПИ-дің үшінші курсында оқитынмын. Әдебиетқұмаркөптеген қатарластарым секілді жазуға талап қылып  жүрген кезім. Осы дұрыс-ау деген біршығармамды «Лениншіл жас» газетінің редакциясына апарып тастағанмын. Не боларынбілу үшін бірер аптадан кейін қайта айналып соқтым. Қуанышыма орай, әдебиетжәне өнер бөлімінің меңгерушісі Оралхан Бөкеев пен қызметкері Сағат Әшімбаевекеуі де орнында болып шықты. Орекең әңгімем туралы жылы лебіз айтып, жариялайтындарыжөнінде үміттендіріп қойды. Екеуінің жанында автор болып келіп отырған ұстазымХасен Әдібаев «бұл менің шәкіртім» деп өзінше мақтанғандай болды. Содан көп ұзамай«Лениншіл жастың» төртінші бетінде «Қиянда» деген әңгімем жарқ ете түсті. Өзімоқып жүрген филология факультеті студенттерінің арасында бұл жарияланымныңәжептәуір оқиға болғаны есімде.

Сонда әңгімеңіз не жайында еді? Редакция қызметкерлеріненесімен ұнады екен?

– Енді ол жағын пәлен деп айтуға болмас. Орекең де, Сәкеңде әдебиетті жете танитын талғампаз таланттар еді ғой. Бекер ұсынбаған болар.Ал әңгімем бір саңырау шалдың махаббатқа адалдығы туралы болатын.

Сөйтіп, жазушы болып қалыптасқан, одан кейінгі кезеңдердеөзіңіздің тұсауыңызды кескен біздің газетімізбен шығармашылық тұрғыдан байланысыптұрдыңыз ба?

– Иә, ұсынған дүниелерімнің кері қайтқан кезі  болған жоқ. Осы басылымның бетінде әр жылдары«Төрге шыққан кім?», «Байлар кварталында» және т.б. әңгімелерім, жекелегенмақалаларым жарияланып тұрды. Сонымен бірге әр уақыттарда өзімніңшығармашылығыма қатысты жарияланған С.Сейітовтің, Б.Мұқаевтың және басқалардыңбілдірген жақсы лебіздері әлі күнге жадымда сақтаулы.

– Сіздіңәңгіме-повестеріңізде қазақ қарияларының әртүрлі бейнелері жасалғанын белгіліәдебиеттанушы ғалым Дандай Ысқақұлы ана бір жылдары талдап жазған екен. Мұндайпікірлер сіздің шығармашылығыңыз туралы сөз қозғаған басқа мақалалардың ішіндеде ұшырасып қалады. Бірақ сіз қазіргі жастар образын жасаудан да кенде емессіздеп ойлаймын. Мысалы, оған жұрт аузында жүрген «Жатақхана қыздары», «Құзхикаясы», «Дон Жуанның қалыңдығы», «Жұмыс іздеген қыз», «Махаббаттың хрустальшаңырағы» және басқа туындыларыңыз дәлел. Сонда деймін-ау, осы жасқа келгендесіз жастар өмірін жақсы білуіңіздің себебі неде? Арнайы зерттейсіз бе?

– Замандасжастардың образын, олардың өмірін шығармаларына арқау етпеген жазушы кемде-кемболар. Бұл өзі сөз өнеріндегі бір жазылмаған заңдылық. Өз басым жастаржайында жаза қояйын деп арнайы жоспарламаймын. Жазушы ретінде өзіме әсер еткен,ойға қалдырған оқиғалар еріксіз қалам ұшына ілініп жатады. Әлгінде өзің атапөткен және басқа да «Интернеттен іздедім… жігітті», «Босағада ұрсысқанбойдақтар», «Жібі бостау жігіт» т.б. әңгіме-повестерім осындай шығармашылықахуал үстінде өмірге келді. Жалпы, мен  осындай тақырыпта немесе осындай бағыттажазайыншы деп арнайы мақсат қоймаймын.

Алайналадағы адамдардың жасының қандай екеніне қарамастан, оларды үздіксіз бақылап,зерттеп отыру  кез келген жазушыға тәнмінез болса керек. Өз басым жастармен жиі араласамын, кейбіреулері бастанкешкен оқиғаларын айтып береді, кейде тіпті сөз арасында айта салған біроқиғаның да әсер ететіні болады. Мысалы, өзіммен қызметтес Насихат Насиболладеген жас ғалым өзі куә болған бір жағдайды әңгімелеп берді. Соның әсерімен  ізін суытпастан «Тесік қалталы жаяу» дегеншағын әңгіме жазып тастадым. Бұл –  шығармашылық ахуалдың бір қыры ғана.

Біз білетін Нұрдәулет Ақыш көбінесе замандастар жайындасыр шертуге бейім болып келетін еді. Соңғы жылдары, байқауымызша,  тарихи тақырыпқа да қалам тарта бастапсыз.Оған не себеп болды?

– Иә, шығармашылық жолымда тарихи тақырыпқа қалам тартуды мақсатетіп қоймағаным рас. Бірақ жазушылық өмір өз ойлағаныңдай белгілі бір бағытпенжүре бермейді екен. Былайша айтқанда, көзің көріп, құлағың естігеннен кейінайналып өтуге болмайтын, еріксіз қалам тартпай тұра алмайтын жағдайлар кездесіпқалады. Алдымнан тарихи тақырыптың біреуі осындай себептермен көлденеңдепшықты. Оның біріншісі – өзімнің туған өңірімнің тарихына қатысты оқиғалар сарыны.Бала кезден естіп келе жатқан белгілі бір оқиға уақыт өткен сайын түрлі қырынанжаңғырып, алдымнан көлденеңдеп, жазбасам болмайтын жағдайға дейін алып келді.

Жазсамдеген тілек оянғаннан бері де көркемдік кілтін, идеялық түйінін толық таба алмайжүргендей көрініп, осы тақырыпқа қалам тартудан қашқақтай бердім.  Ақыры тапқандай болған кезде барып бір-ақкірістім. Ел жаққа арнайы сапармен барып, қайтадан зерттедім. Оқиға ауызшаайтылғандықтан, оқиғалар мен оларға қатысатын адамдардың сәйкеспейтін тұстарыда байқалып қалды. Менің мақсатым  өмірдеорын алған осынау қасіретті оқиғаны неғұрлым шындықққа жақындатып жазу болды.Бұл «Рақымсыз көктем» хикаятының қалай өмірге келуіне қатысты әңгіме.

Оданкейін  тарихи тақырыптағы оқырман қолынатимей жатқан тағы екі романның өмірге келгенін айтуға болады. Нақтырақайтқанда, біреуі жазылу үстінде. Біріншісі Жазушылар одағы басқармасының«Әдебиет белдеуі» жобасы бойынша өмірге келді. Оның бас қаһарманы – қазақ халқыныңбостандығы үшін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан украин азаматы.Тақырып қызықтырғандықтан, жазбай тұра алмадым. Арнайы  тапсырыспен жазылғандықтан, бұл роман өзініңкітап болып шығу кезегін күтіп жатқан тәрізді. Тапсырыс берушінің рұқсатынсыз жариялауға  болмайтын көрінеді.

Шығармашылығыңыз жайлы белгілі қаламгерлер менғалымдардың үнемі жақсы пікір айтып келе жатқанынан хабардармыз. Сыналған кездеріңізболды ма?

– Болды.Б.Тұрсынбайұлы есімді жас сыншының балаларға арналған екі бірдей шығармамдыжоққа шығарған кезі бар. Бірақ сол сынға қарамастан, ол туындылардың бірін бірнешемұғалімнің сыныптан тыс материал ретінде пайдаланғанын, қойылымдар қойғанынғаламтор желісінен көріп қалдым. Екіншісі орыс сыныптарына арналған қазақәдебиетінің бір оқулығына еніпті.

Бұған қарағанда айтылған сынның орынсыз болып шыққаны сырт көзге де анық көрініп тұр. Жалпы,қазіргі әдеби сын туралы пікіріңіз қандай?

– Кеңес дәуірінде сын садағынан тысқары қалатын қаламгерлерсирек болатын. Әлбетте, сын орынды айтылған жағдайда оны қабылдай білу керек.Ал орынсыз сын қай заманда да болған. Басқаны былай қойып,  қазақ көркемсөзінің көш басында тұрған МұхтарӘуезов туындыларының да сын астында қалған кездері бар. Сол сындардың ұрда-жықболып шыққанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

БізХХІ ғасырға қадам басқан алғашқы жиырмажылдықта көркем шығармалардың объективтітүрде талдауларға мұқтаж бола бастағанын жасыра аламыз ба? Жекелеген  сын-пікірлер мен рецензияларда орын алатын негізсіз,дәлелсіз асыра мақтауға тосқауыл қойыла бермейді. Ондай материалдардыңавторлары ең құрығында зерттеу нысанынан алып отырған үзінділерге мұқият қарасадейміз. Жазушы туындысынан мақтау үшін алынған мысал сол шығарманың кемшілігінеріксіз көрсетіп қоятын жағдай екенінің дәлелі.

 – Сізоқырмандардан әр кезде оң бағасын алып келе жатқан, әдебиет төңірегіндегібелгілі тұлғалардың өздері мойындаған танымал жазушысыз. Басқа шығармаларыңыздыайтпағанда, сонау 90-жылдары үлкен сұранысқа ие болып, жақсы аталған «Жатақханақыздарының» өзі неге тұрады!? Жазғандарыңыздың елеусіз қалғандары аз. Бірақосыншама танымал бола тұра, Мемлекеттік сыйлық алғысы келетін үміткерлердіңарасында сізді көрген емеспіз.  Неге?

– Рақмет,мұндай тосын ойды айтқаныңа. Бірақ мен өз шығармашылығымды сондай үлкенмарапатты алуға әлі лайықты емес деп ойлаймын. Жаңадан жазылған кітабым жарықкөріп жатса, оны да ұсынамын деп уәде бере алмаймын. Оқырман бағасының өзіжазушы үшін аз марапат емес.

– Дегенменмұндай тартыншақ позицияңызды онша түсіне алмадым. Осы арада халқымыздың ұлттық құндылықтары, руханитазалығы мен тәуелсіздігі руханият әлеміндегі өзекті мәселелердің бірі болыптұрғаны еске түседі. Бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде біздіңгазетте де үнемі айтылып келе жатқан осынау келелі мәселе туралы сіздіңойыңызды білсек дейміз.

– Тек ұлттық құндылықтар ғана емес, жалпыадамзаттыққұндылықтарды сақтап қалу мәселесінің өзі өзекті бола бастағанын несінежасырайық. Қазақ халқының  ежелден кележатқан жақсы қасиеттерін, салт-дәстүрлерін, имандылық ұстанымдарын сақтап қалужағы ақсай бастағаны бәрімізді де алаңдатуда. Жастар арасында түрлі жаманқылықтардың етек алуы, ғасырлар бойы аялап, сақтап келе жатқан ұлттыққұндылықтарымызды аяқасты ететін оқиғалардың жиі ұшырасуы түбі жақсылыққаапармас.

Басқаныбылай қойғанда, зиялы жастардың арасында эгоистік мінездердің басып кетуі,жастардың алдыңғы буын өкілдерін сыйламауы сияқты теріс мінездер үйреншіктікөрініске айналып барады. Жас қыздардың шал-кемпірлердің жағасынан алуы тіптіде көңілге қонбайтын нәрсе. Басқасын былай қойғанда, журналист немесе әншіжастардың арасында да осындай нигилистік мінездерді байқап жүрмін. Асқындырыпалмай, осы бағыттағы кемшіліктерді түзетуге атсалысу бәрімізден үлкенкүш-жігерді, жауапкершілік пен мақсаткерлікті талап етеді.

Нұрдәулет аға, қарымды қаламыңыздың, Құдай берген дарыныңыздың арқасындаоқырман жүрегіне жол таба білген танымал қаламгерлердің бірісіз. Сіз сияқты оқырманыныңсүйіктісі бола алған танымал жазушының алғашқы тұсауын «Лениншіл жас» газетініңкесуі біз үшін де мақтаныш. Жетпіс жылдық мерейтойыңызбен тағы да құттықтайотырып, ұлттық руханиятымызға үлес болып қосылатын туындыларды тағы да жазаберіңіз дегіміз келеді.

Сұхбаттасқан Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ,

«Жас Алаш»

Н.Ақышшығармашылығы туралы жекелеген пікірлер:

Н.Ақышевтың «Қоңыр өгіз» депаталатын әңгімесі көлемі жағыан шағын. Әңгімеде күні кеше ғана қадіріартқандардың кейде тез ұмыт болатыны, еңбегінің еленбей ескерусіз қалатыныайтылады. Нұрдәулеттің әлеуметтік мәселеге еркін еркін баруы сүйсіндіреді.

Бердібек Соқпақбаев,

көрнекті балалар жазушысы

Сапарсәтті болсын // Кітапта: Арман

қанатында.Жас жазушылардың әңгімелер

жинағы.Алматы: «Жалын», 1978. (4-бет)

Н.Ақышевтың «Қоңыр өгізінде»жұмысқа жегілген малды хайуан деп қарап, аямайтын Әбілхан сияқтылардыңқатігездігі, оның айналасындағы балалардың да түйсіксіздігі нанымдыбейнеленген. Бір-ақ жерде көрінетін Бәбең ақсақал есте қалады. Мал қадірінбілетін қазақ шалдарының образын азғантай штрихпен көз алдыңа елестетуі – жасавтордың шеберлігі деп ұғамыз.  

                                                                           Бек Тоғысбаев,

                                                                                                            жазушы

Арналы ақбұлақтар // Кітапта: «Уақыт

 және қаламгер», 8-кітап, 1981 (231-бет).

Нұрдәулет Ақышевтың «Үндемейтінұл» жинағына енген («Жалын», 1982) «Күдік» атты әңгімесінде автор кәдімгікөшелі суреткердей алған тақырыбын әдемі меңгерген.

… Бәрі де бабында, характерлікдетальдармен жазушы кімнің кім екеніне көкірек көзіңмен жіті үңілдіріп, өрістіойға меңзейді… бір сөзбен айтқанда, Ақышевтың ізденгіштік, тапқыштық икеміөзгелерден айқынырақ.

Тұрсын Сыдықов, филология ғылымдарының

докторы,

                                                         «Мұрат пенміндет». Әдеби сын мақалалар.

Алматы:«Жазушы», 1987 (104-бет).

Мына кітабы оның, Нұрдәулеттіңқаламы төселген жазушы  болып қалыптасыпқалғанын, әдебиеттегі өз легінің қатарында екендігін аңғартады десек, артықбағалағандық емес… «Қажыр мен қаржы», «Бұрынғы бастықтың әйелі», «Жалғыздыңшешесі»  атты шағын жанрдағы туындылардыңөз басыма әсер еткенін жасырғым келмейді. Кітапта қазіргі кезеңнің тіршіліктынысының лебі айқын, сенімді, жазушы қарабайыр ұранға бой ұрмайды.

                                                                      

Сағынғали Сейітов, ақын, әдебиеттанушы ғалым

«Лениншілжас», 1988 ж. 2-шілде

    Осы ретте өткен 1985 жылы жарық көрген жаспрозашы Нұрдәулет Ақышевтың «Сынық домбыраның сазы»  әңгімелері мен повесть жинағына енген«Күрмеуі қатты түйіндер» повесі тақырыбының актуальдылығымен құнды.

Баққожа Мұқаев, 

жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы

сыйлығының лауреаты,

Жазушыжауабы // «Лениншіл жас», 1988...

Мұңмен оқылатын шығармалардыңбірі – Нұрдәулет Ақыштың «Мұңды жанардың сәулесі» атты әңгімесі. Нақтырақайтқанда, бұл тіпті әңгіме де емес, жан тебірентерлік лирикалық новелла…Төгілген көркем тіл, лапылдаған сезім және онымен тайталасқан ақыл-парасат.

                                                          

 ӘзілханНұршайықов, Қазақстанның

халық жазушысы, Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Құрдас қаламгерлер өрнегі //Кітапта: Барыс жылы. – Алматы: «НұрПринт-75», 2010. (4-бет)

АйналайынНұрдәулет!

    Уақытқа сөз бар ма! Әдебиет табалдырығынанаттағаның күні кеше ғана сияқты еді. Енді, міне, елуге келіп, еліңе нағыз атбасындай абыройлы, атан жілікті қайраткер азамат ретінде танылып отырсың. Адалпейіліңмен, терең біліміңмен, нәзік талғамыңмен ұлттық руханиятымыздыңарғы-бергісіндегі шын асылдары мен ақықтарын әділ бағалауға ат салыстың.Балақтан жабысар қауыпкелдік пен шауыпкелдікке ұрынбай, сарабдал да салихалысыншы, ғалым бола білдің. Ұрпаққа ұлағаты мол тәлімгерлік көркем шығармалартудырып, өркениетті елдерге тән жасөспірімдерге арналған ақ жүріп, адал сөйлерақылман әдебиетімізді қалыптастыруға айта қаларлық үлес қостың. Өміртанытқыштық парасаты, кісі танытқыштық пәтуасы, жігер қайрайтын рухани уыты молкітаптар жаздың.

Әдебиет базарының керексізқоқысын емес, зәрулігі мол қазынасын көбейтістің.

Береріңнен де,аларыңнан да көбі алда.

Тәңір мен тағдыр алған бетіңненадастырмасын.

Алға баса бер!

  ӘбішКекілбайұлы,Қазақстанның

халық жазушысы, Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«ЕгеменҚазақстан», 27.11.2010

Қазіргі замандастардың ішінентаңдап оқитын жазушыларымның бірі – Нұрдәулет Ақыш. Оның әсіресе махаббаттақырыбына арналған повесть-әңгімелері сезімді қозғап, қиял әлемінежетелейді.  Нұрдәулет бұл тақырыпта ойданшығарып, саусағын сорып, қиыннан қиыстырып әуреге түспейді. Жас адамдардың бірбіріне деген риясыз таза сезімі, сол сезімді аялай білу жолындағықам-харекеттері қай оқырманды да тарта біледі деп ойлаймын.

                                                                          АлтынбекҚоразбаев, Қазақстанның           

                                                                                                                       халық артисі,

                                                                                 ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Жас қазақ»,18.06. 2010 (№23)

Қазақ прозасында өзіндікқолтаңба өрнектеуді мақсат еткен қаламгерлердің бірі – Нұрдәулет Ақыш. Ол сонаусексенінші жылдардың бас кезінде «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті»,«Лениншіл жас» газеттері мен «Қазақстан әйелдері», «Жалын» журналдарыныңбеттерінде көрінген көркем әңгімелері арқылы-ақ осы жанрдың кезекті бір жақсықаламгері келгенін байқатқандай еді.

Оразбек Сәрсенбай,жазушы, Қазақстан Республикасымемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Анатілі», 24.06.2010

Тегтер: