Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 08 Наурыз 2020

Нұрдәулетов, Левит, Жүсіпов олимпиадаға жолдама алды

None
None

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Токио олимпиадасына іріктеу жарысында қазақстандық үш боксшы – 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (81 кг), Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келі) және былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 келі) олимпиада лицензиясын иеленді.

Үш боксшы да іріктеу жарысының жартылай финалына шықты. Іріктеу ережесіне сай, төрттікке енген боксшылар олимпиада жолдамасын алады.

Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббоз Негматуллаевты, Левит тәжікстандық Давлат Болтаевты, Жүсіпов таиландық Вуттучай Масукті жеңді.

Алдағы уақытта Қазақстанның тағы жеті боксшысы олимпиада жолдамасына таласады.

Бокстан іріктеу жарысы ақпанда Қытайдың Ухань қаласында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирустың кесірінен Амманға ауысты.

Іріктеу жарысын Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзі ұйымдастырып жатыр. ХОК Халықаралық бокс қауымдастығына (AIBA) санкция салған. Санкцияға бокстағы төрешілер дауы, қаржы мәселесі, жемқорлық себеп болған.

Токио олимпиадасы биыл 24 шілде 9 тамыз аралығына жоспарланған.

Тегтер: