Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:00, 19 Маусым 2019

NYT АҚШ президентінің сатқындық туралы айыптауына жауап берді

None
None

The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың газетті айыптаған сөзіне жауап берді.

Бұған дейін Трамп Вашингтонның Ресей энергожүйесіне қарсы шабуылын жандандырғаны туралы басылым мақаласын "жалған" деп атап, редакцияның әрекетін "сатқындық"депбағалаған еді.

"Баспасөзді сатқын деп айыптау қауіпті" деп жазған The New York Times редакциясы Twitter-дегі парақшасында. Басылым мақаланың шығатыны жайлы үкіметті құлағдар еткенін де жазған.

15 маусымда The New York Times басылымы Ақ үйдің бұрынғы және қазіргі қызметкерлеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ арнайы қызметі Трамп әкімшілігі мен конгресс берген өкілетті пайдаланып, Ресейдің энергиямен қамтамасыз ететін компьютерлік желілеріне кибер-шабуылды үдетті деп жазған еді.

Басылымның жазуынша, арнайы қызметтің бұл әрекеті ресейлік хакерлердің белсенділігін тежеп, олардың шабуылына қарсы жауап болмақ. АҚШ Ресейді энергожелілерге шабуыл жасап, президент сайлауына араласты деп айыптайды. Ресей бұл айыптарды жоққа шығарады.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: