Нью-Йоркте ұшақ апаты: лайнер өрт сөндіру көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Ла-Гуардия әуежайында жолаушылар ұшағы өрт сөндіру көлігімен соғысып, екі адам қаза тапты.
Апат 23 наурызға қараған түні, шамамен сағат 23:40-та болған. Air Canada әуе компаниясына тиесілі Bombardier CRJ-900 ұшағы қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында арнайы техникамен соғысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан ұшақтың екі ұшқышы – командирі мен екінші пилоты қаза тапқан.
Сонымен қатар, 13 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған, олардың барлығы дер кезінде эвакуацияланды.
Ұшақтың тұмсық бөлігі жұлынып кеткен
Оқиға орнынан тараған суреттерде ұшақтың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді – апат салдарынан оның тұмсық бөлігі жұлынып кеткен.
Апатқа қатты жауғаны себеп болуы мүмкін.
Оқиғадан кейін Ла-Гуардия әуежайы толық жабылып, барлық рейстер басқа әуежайларға бағытталды. Алдын ала ақпарат бойынша, әуежай жұмысы тек кешкі сағат 18:00 шамасында қайта қалпына келуі мүмкін.