Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:31, 16 Шілде 2020

Өкпе қабынуына қатысты жағдай тұрақталды

Шымкентқаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Оразбайұлы бұқаралықақпарат құралдарына берген сұхбатында соңғы екі тәулікте пневмония бойыншажағдайдың біршама тұрақталғанын мәлім етті.

— Алайда көптеген азаматтарымыз, суық су ішкеннен,балмұздақ жегеннен ауырып қалып жатыр, оны өздері пневмонияның алғашқыбелгілері екен деп ойлап, өз-өздеріне ем тағайындап, дәріханалардан көптепдәрі-дәрмектер сатып алып қояды. Соның салдарынан кейбір дәріханалардадәрі-дәрмек тапшылығы туындауы мүмкін. Бүгінде әкімдік тарапынан дәрілердідәріханаға тарату бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күні кеше қаламызғадәрілердің бірқатар партиясы келіп жетті, дәріханаларда жетіспей жатқандәрілерді жеткізуге тырысып жатырмыз. Провизорлық мекемелер оттегі балондарынамұқтаж, жан сақтау жағдайындағы науқастар оттегімен қамтамасыз етіледі. Қаламыздағыоттегі цехтары бұған дейін де жұмыс істеп келген, алдағы уақытта қосалқы цехтаржұмыс істейді деп жоспарлануда,-деді Жақсылық Оразбайұлы.

Тегтер: