14:35, 08 Желтоқсан 2021
Өлгім келеді. Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Теміртау қаласындағы Құрылысшылар даңғылындағы «Шығыс» саябағының жанында ер адам "өлгім келеді " деп айқайлап тұрған.
Мұны көріп қалған әскери бөлімнің патрульдік қызметі жігіттің қасына барып оны сабырға шақырмақ болады. Үстіне безнин құйып жіберген ер адам өзін өлтіретінін мәлімдеп, оларға көнбеген. Сол кезде кіші сержант, кинолог Бауыржан Құсайынов бастықтың рұқсатымен «Таймас» деген үйретілген итке ер адамды ұстау қажеттігі жөнінде нұсқау береді.
Әскерилердің айтуынша, иттің аузында тор болған әрі мойнында ұзын жібі болыпты. Таймас ер адамды жерге жығып, қимылдатпай басып тұрған. Осыдан кейін әскерилер ер адамды сабырға шақырып сөйлескен соң полиция бөліміне алып барған.