17:01, 06 Желтоқсан 2023
Олигархтардың балалары арасындағы төбелес: сот үкімі өзгеріссіз қалды

Апелляциялық сот олигархтардың балалары арасындағы төбелеске қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Апелляциялық сот Little Brazil мейрамханасындағы төбелеске қатысты сотталғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Алқа алқасы бірінші сатыдағы сот әділ шешім шығарғанын, істі қайта қарауға болмайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жеті айыпталушыға қатысты үкім 11 қазанда шыққан болатын. Айыпталушылар алты жылдан алты жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен сотталушының адвокаттары мен туыстары келіспейді.