Бүгін, 13:28
Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары белгілі болды
2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның мемлекеттік туын Денис Никиша мен Яна Хан алып шығады.
Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі 2026 жылғы 6 ақпанда Миландағы Сан-Сиро стадионында өтеді.
Бұл шешімді Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев мәлімдеді.
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Денис Никиша және шорт-трекші Яна Хан алып шығады, - деді ол.
Нұрлан Есембаевтың айтуынша, қысқы Олимпиада-2026-ға Қазақстаннан 35 спортшы қатысады.
2025 жылы Олимпиадаға дайындықты қамтамасыз ету үшін 13,2 млрд теңге бөлінген.