Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:00

Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

Дәулет Шабанбай
Фото: ашық дереккөз

Спортшыға билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған.

Оқиға қалай басталды?

Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға 2025 жылғы 18 қыркүйек кешінде болған. Кафеде алкогольдік ішімдік ішкен Д. Шабанбайды қоғам тәртібін қамтамасыз етіп жүрген №5512 әскери бөлімінің сарбаздары көшеде оның әрекетіне назар аударған.

Оған дейін полицияға «автовокзал маңында ірі денелі, өзін агрессивті ұстап жүрген ер адам» туралы шағым түскен.

Айыптау нұсқасы қандай?

Әскерилер – Алиев, Мергембаев және Лес спортшыны тоқтатып, құжаттарын көрсетуді сұраған. Айыптау нұсқасына сәйкес:

  • Д. Шабанбай талапқа бағынудан бас тартқан;

  • сарбаздарды балағаттаған;

  • жағдайды сабырға шақтыру әрекеті қақтығысқа ұласқан.

Тергеу материалында бір сарбазды иығынан епкені, екіншісінің көзінен ұрғаны, үшінсінің бетінен ұрғаны жазылған.

Қақтығыс күшейген соң оқиға орнына қосымша нарядтар жеткен. Әскерилер Д. Шабанбайды жерге құлатқан, қолына кісен салған. Кейін полиция қызметкерлері келіп, оны бөлімшеге жеткізген.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай спорттық мансабын 5 жыл бұрын аяқтаған. Ал Лондон-2012 Олимпиадасының қола жүлдесін 2022 жылы, яғни өзге жүлдегерлердің допингке байланысты дисквалификациясынан кейін алған.