Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:12

Олимпиаданың қола жүлдегері Павлодарда әскерилерге шабуыл жасағаны үшін айыпталып жатыр

Д. Шабанбай
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, белгілі еркін күресші Дәулет Шабанбайдың ісі бойынша сот процесі басталды.

 Спортшыға билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған. Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта қаралып жатыр, онда куәгерлерден жауап алу кезеңі басталған.

Оқиға қалай басталды?

Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға 2025 жылғы 18 қыркүйек кешінде болған. Кафеде алкогольдік ішімдік ішкен Д. Шабанбайды қоғам тәртібін қамтамасыз етіп жүрген №5512 әскери бөлімінің сарбаздары көшеде оның әрекетіне назар аударған.

Оған дейін полицияға «автовокзал маңында ірі денелі, өзін агрессивті ұстап жүрген ер адам» туралы шағым түскен.

Айыптау нұсқасы қандай?

Әскерилер – Алиев, Мергембаев және Лес спортшыны тоқтатып, құжаттарын көрсетуді сұраған. Айыптау нұсқасына сәйкес:

  • Д. Шабанбай талапқа бағынудан бас тартқан;

  • сарбаздарды балағаттаған;

  • жағдайды сабырға шақтыру әрекеті қақтығысқа ұласқан.

Тергеу материалында бір сарбазды иығынан епкені, екіншісінің көзінен ұрғаны,  үшінсінің бетінен ұрғаны жазылған.

Қақтығыс күшейген соң оқиға орнына қосымша нарядтар жеткен. Әскерилер Д. Шабанбайды жерге құлатқан, қолына кісен салған. Кейін полиция қызметкерлері келіп, оны бөлімшеге жеткізген.

Сот неше жыл жаза тағайындауы мүмкін?

Сотта:

  • куәгерлер,

  • жәбірленушілер,

  • және айыпталушының өзі

жауап береді деп жоспарланып отыр.

Қолданыстағы бап бойынша Д. Шабанбай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Тегтер: