Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:03, 29 Қаңтар 2020

Өлісін риза қылатын... Америка-ай!!!

… Американың көпәдетін, көп ғұрпын қабылдамай жатамыз. Ол жөн де шығар.Өйткені ондай қасиет өзімізде де, елімізде де жоқ!

Алысқа кетпейін. Таяуда Ұлттық БаскетболҚауымдастығы тарихында өшпес із қалдырған ойыншы Коби БРАЙАНТ тұтқиыл келген ажалдан қайтыс болды.Содан бері бүкіл Америка аза тұтып, көз жастарын тия алмауда. Бұл 300 миллионға таяу халықтұратын елдің бәрі баскетбол ойнаған жоқ қой! Олар тек ұлы елдің Ұлы бір баласы келмеске кеткеніне қайғырып жылап жатыр!.. Сол күнненбері мен де қапалымын. Баскетболды Коби  Брайнтша ойнаған жан жоқ. Ия, Майкл ДЖОРДАНғажап болды. Мүмкін ол Кобиден де ұлы болған шығар. Соған қарамай баскетболбілгірлері Майкл Джорданды емес, Коби Брайантты NBA-ның символы етіп қалдыруидеясын ұсынып жатыр! Өйткенібұл елде ұлыдан кейін өсіп шыққан талантты ҰЛЫЛЫҚ тағына мінгізе білу қасиетікең тараған. Коби шыныменҰлы ойыншы болды. Оның «Лейкерстің»құрамында жүріп, бір өзіТоронта командасының шығыршығына 81(!!!) доп тастауы тарихта ендіқайталанбайтын да шығар. Біз ауыз ашып, таңданатын ВТБ тобындағы кейбір командалар бір ойында бүкілұжым болып 81 доп тастай алмайтын кездері болады. Бүгінде бүкіл Американы, әсіресе, Лос-Анжелесті өртеп тұрған қайғыдан жер түбінде отырып, сен де жылайсың! Көшенің тас алаңдарына, биік-биік үйлердің қабырғаларына Кобидің тірі бейнесін кестелеп алып, соның маңына мыңдап жиналып, мүмкін болған жиынды жерлерге оның есік пентөрдей суретін көтеріп барып, айналып-толғанып, жылап-сықтап жатқан халықты көргенде солардыңәрқайсысы-ақ туғанынан — туысынан айрылып қалғандай әсер береді. Бұл олелдің асылын бағалай білетіндігіне, аяулысын сағына білетініне, ұлысын ұлықтай білетініне куә!!!

… Бұл мәселенің қазаққа қатысы болмаса мен ауыз да ауыртпас едім.Американы Кобидің қазасы мұнша күйдіргенде, кешегі биші-әнші Майкл ДЖЕКСОННЫҢ, ұлы боксшы Мұхаммед ӘЛИДІҢ қазалары есіме түседі. Джексонды айдан аса уақыт жер қойнынабермей, денесін алтын табытқа салып алып, Американы аралатып жүріп концерт қойды. ӨзіОлимпиада чемпионы болған Мұхаммед Әлиді кейін тілден қалғанның өзінде екіОлимпиадаға апарып, біріндеалау жақтырды, бірінде Олипиаданы аралатып, аяқ-қолы селкілдеген жанды әлем спортшыларынатәбәрік етіп көрсетіп жүрді! Ал, бізде ше? Бейжің Олимпиадасының екінші жартысына барған қазақтың Қажымұханнанкейінгі бас балуаны ӘбілсейітАЙХАНОВ ағамыздың: «Бұл менің тұңғыш көрген Олимпиадам! Мүмкін соңғысы даболар...» деп жылап тұрғанын көру қай қазақы жүрекке жеңіл болсын! СолӘбіл ағаны кейіннен өмірден озғанда жеті күн аза тұтпақ түгілі, ел болып лайықты шығарып та салмады! ҚазақтыңПелесі атанған Тимур СЕГІЗБАЕВ ағамыз да өмірдегі басқан ізі білінбейтін өзмінезіндей көп жанға жария болмай аттанды бақиға! Қазақтың тұңғыш олимпиада жүлдегері, 60-шы жылдардың Үсейін Болты, Ғұсман ҚОСАНОВ ағамыз өзін қор санағандардың мазағынашыдамай, ерте озды өмірден. Мұхаммед Әлиді қазақтұқымында қайталаған қыпшақ батыры, қайтатумас ӘбдісаланНҰРМАХАНОВ ағамызды аяқ-қолы сау, ақыл-есі дұрыс кезінде-ақ лайықты жұмыс бермей, автотұраққа жылу жинауға ығыстырып жүргенде біркәпір атып өлтірді… Ал, бұл төртадам да олимпиада чемпионы болмағанмен қазақ спортының символдары болатын!

… Ажал Алладанекенін жақсы білеміз. Бірақ адамның, елдің қолынан келетіні басқа — шын қайғырып, жоқтай алу,ұлы талантымен еліне, халқына, ұлтына әперген атақ-даңқына қарай есте қалдыру, болашақ ұрпаққа үлгі ете білу ғой! Яғни, өліні риза ету ғой. Ол жағынан қазақ та, қазақ елі де әлі көп төменде жатыр. Мен Коби Брайантқағана емес, соған да жылаудамын бүгін!!!

Жазба автордың рұсатымен фейсбукпарақшасынан алынды.

Фото: news.myseldon.com

Тегтер: